Жарияланған күні: 26.12.2019 16:47
Өзгертілген күні: 26.12.2019 16:51

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ағымдағы жылдың соңына дейін шағын және орта бизнес субъектілері мен жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық жасалатынын еске салады.

Салықтық рақымшылық шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне салық төлеушінің 2018 жылғы 1 қазандағы жағдайына болған негізгі бересі сомасын төлеген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдар есептен шығарылады.

Бүгінгі күні 650 млн. теңге сомасына бересіні төлеген 2556 салық төлеуші салықтық рақымшылығын пайдаланды, олардың 137 млн. теңгеге өсімпұлы және 124,1  млн.тенге айыппұлдары есептен шығарылды.

Қаржы министрінің  2019 жылғы 6 тамыздағы № 829 бұйрығымен 2018 жылғы 27 ақпандағы №306 бұйрығымен бекітілген Дербес шоттарды жүргізу ережесіне толықтырулар  енгізілді, осыған сәйкес салықтық рақымшылық жасау салықтық тексерулерінің нәтижелері бойынша 2018 жылғы 1 қазанға дейінгі салық кезеңдері үшін салықтар есептелген салық төлеушілерге де қолданылады, алайда 2018 жылғы 1 қазанындағы жағдай бойынша бересі тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым жасауға немесе тексеру нәтижелері туралы хабарламаның орындалу мерзімінің басталмағандарға рақымшылық қолданылады.

Бұл ретте қосымша салық есептілігі бойынша есептелген өсімпұлды есептен шығару 2019 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде төленбеген жағдайда жүргізіледі, ал өз мерзімде төленген өсімпұл есептен шығаруға жатпайды.

Ағымдағы жылдың шілде айынан бастап жеке тұлғалар үшін  де салықтық рақымшылық басталды.

Салықтық рақымшылық аясында біздің отандастарымыз өткен жыл үшін салық міндеттемелері (мүліктік, жер, көлік және басқа да салықтар) бойынша негізгі бересі сомасын төлеген жағдайда, олардың қарыз сомасына үстемі есептелген өсімпұл есептен шығарылады.

Әр түрлі себептермен жеке тұлғалардың көлік құралына немесе  жылжымайтын мүлікті сатуына байланысты есептелген жеке табыс салығы бойынша берешектері пайда болған, осы жағдайда Салық кодексіне сәйкес, қарызын төлеу мерзімі өткен әр бір күн үшін өсімақы есептеліп қарызын төлеуге қиындыққа әкеліп соғады.

Осыған байланысты, бұрынғы салық кезеңдерінде жинақталған борыштары бар жеке тұлғалар салықтық рақымшылықты пайдалана алады және ағымдағы жылдың соңына дейін негізгі бересі сомасын төлеген кезде есептелген өсімпұл сомасы Мемлекеттік кірістер органдарымен автоматты түрде шегіріледі.

Қазіргі уақытта 85,6 млн.теңге негізгі қарызын төлеген 62 149 жеке тұлғаралдың 503,2 млн.теңге өсімпұл есептен шығарылды.

Салықтық рақымшылық акциясы ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасады, осыған байланысты мемлекет алдындағы негізгі борышты өтеп өз мүмкіншіліктеріңізді пайдалануға аз да болса уақыт бар.

Салықтық рақымшылық аясында барлық туындаған сұрақтар бойынша  Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне  35-51-87 телефон арқылы және салық төлеушілердің тіркеу деректеріне сәйкес орналасқан жері бойынша өзінің Мемлекеттік кірістер басқармаларына хабарласуға болады.

                                                       

 

                                                                    Шымкент қаласы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінің

Түсіндіру жұмыс басқармасы