Жарияланған күні: 31.10.2019 14:40
Өзгертілген күні: 31.10.2019 14:46

Патент негізінде қызметін жүзеге асыратын барлық жеке кәсіпкерлердің онлайн бақылау-кассалық машиналарын (бұдан әрі-онлайн БКМ) қолдануға көшуі қарсаңында Мемлекеттік кірістер органдары белсенді түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.

Ағымдағы жылдың 31 қазанында Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері, техникалық қызмет көрсету орталығының өкілдерімен бірлесіп, « Mega Planet» кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Компания өкілдері онлайн БКМ түрлі модельдерін , БКМ - мен қалай жұмыс жасауды  көрсетті.

Салық төлеушілерге онлайн БКМ нақты түрлерің сатып алуды  немесе мобильдік қосымшалар арқылы көшіріп алу құқығы берілді. Іс-шара барысында қатысушылар онлайн БКМ пайдалану және сатып алу бойынша өзекті мәселелері бойынша кеңес алды және Мемлекеттік тізілімге енгізілген мобильдік қосымшаларды қалай пайдалану керектігі көрсетілді.   Қатысушыларға 2020 жылдаң бастап сауда - саттықпен айналысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін патенттің жойылатыны және олар қазірден бастап оңайлатылған декларация негізінде бюджетпен өзара есеп ауырысуды  немесе салық салудың жалпыға бірдей белгіленген режимін таңдауға болатыныңа ерекше назар аударды.

 

Шымкент қаласы бойынша МКД

Түсіндіру жұмыс басқармасы