
Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы қосылған құн салығын әкімшілендіру бөлімінің бас маманы Алтынбек Мырзабеков ТВК телеарнасының «Тікелей эфир» бағдарламасында қонақта болып, тілшімен сұхбаттасып қайтты. Сұхбат барысы электрондық шот-фактуралардың (ЭШФ) ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру тақырыбында болды. Онда электронды-шот фактура ұғымы, оны жазудың ерекшеліктері мен артықшылықтары, шот-фактурада көрсетілетін мәліметтер, мерзімі және т.б сұрақтар қамтылды.
Жалпы, электронды-шот фактура (ЭШФ) - ЭШФ ақпараттық жүйе (АЖ) арқылы, салық заңнамасы нормаларының талаптарына және ЭШФ АЖ-де шот фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес жазып берілген құжат. Электронды шот фактура ЭШФ АЖ қатысушысы – ЭШФ АЖ пайдалану туралы келісімге қол қойған және ЭШФ АЖ-де тіркелген салық төлеушілер жазады. Келісім салық төлеушінің ЭЦҚ-мен куәландырылады.
2019 жылдан бастап тауарларды, жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізу бойынша айналым жасалған кезде қосылған құн салығын төлеушілер шот-фактураны электрондық нысанда жазып беруге міндетті:
Шот-фактура электрондық нысанда уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және нысан бойынша электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде жазылып беріледі.
Электрондық нысанда жазып берілген шот-фактура цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.
Шымкент қаласы бойынша МКД