
Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің және оның аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының қызметшілері арасында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А.Шпекбаевтың мемлекеттік аппараттағы келеңсіз құбылыстардың бірі - ел ішіндегі іссапарлар барысындағы қызметшілердің теріс қылықтары мен отырыс, алым-салық, дастархан жаю және тарту жасау, төмен құрылымдарды жаппай тексерулер бойынша әлеуметтік желілерде жарияланған постымен таныстыру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, Департамент қызметкерлері мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган тарапынан дайындалған іс-сапардағы мемлекеттік қызметшілердің тәртібі туралы арнайы жаднамамен таныстырылды.
Сондай-ақ, «Шымкент – Адалдық алаңы» аясында дайындалған тексерушілер мен іс-сапарға барған қызметкерлерге тыйым салынған іс-әрекеттер туралы баннерлер Департаменттің мемлекеттік кірістер басқармалары мен кеден бекеттерінде орналастырылды.
Аталған іс-шаралардың барлығы, Департамент қызметкерлері арасында заңдылықты сақтауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталып отыр.