
Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды,
Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес, жекелеген қызмет түрлерін (ЖҚТ) жүзеге асыратын тұлғалар салық төлеуші ретінде міндетті түрде тіркелуге тиіс.
Мұндай қызмет түрлеріне мыналар жатады:
бензин, дизель отыны, газохол және өзге де мұнай өнімдерін өндіру
мұнай өнімдерін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу
этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіру
алкоголь өнімдерін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу
темекі өнімдерін өндіру және (немесе) көтерме саудада өткізу
ойын бизнесін жүзеге асыру
акцизделетін тауарларды өндіру және (немесе) жинақтау
тауарларды электрондық сауда арқылы сату
Тіркеу 3 жұмыс күні ішінде жүргізіледі: – хабарлама тапсырылған күннен бастап
– немесе elicense.kz жүйесінен мәліметтер алынған күннен бастап
Хабарламаны ұсыну тәсілдері: – электрондық түрде
– қағаз түрінде (ҚР ҰЭМ бұйрығы, 2015 жылғы 6 қаңтар №4)
Процестерді автоматтандыру:
2025 жылғы сәуірден бастап ИСНА және elicense.kz жүйелері арасында деректер алмасу автоматтандырылған түрде жүзеге асырылады.
Дұрыс алмасуды қамтамасыз ету үшін мекенжайдың тіркеу коды (МТК) пайдаланылады.
Егер МТК жоқ болса:
Оны келесі жерлерден алуға болады:
– сәулет және қала құрылысы бөлімдерінен
– немесе eGov.kz порталы арқылы
Сондай-ақ жылжымайтын мүліктің мекенжайын нақтылау немесе беру бойынша онлайн-қызмет те қолжетімді:
[https://egov.kz/cms/ru/services/pass668_mir](https://egov.kz/cms/ru/services/pass668_mir)






























