Жарияланған күні: 04.12.2019 19:25
Өзгертілген күні: 04.12.2019 19:27

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Е.А.Тұрысов басшысының орынбасары төрағасығымен 2019 жылдың 4 желтоқсанында сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың қатысуымен кедендік декларациялаудың кейбір сұрақтары бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді.

«Дөңгелек үстел» жұмысына сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, кеден өкілдері, «НұрОтан» саяси партиясы филиалының және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басшылары қатысты.

Е.А.Тұрысов  «Дөңгелек үстелді» ашып, өз кіріспе сөзінде «Ұлт жоспарын және “Сандық Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында “Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы” Қазақстан Республикасының кодекстімен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға декларациялар міндетті түрде электронды түрде тапсырылуын жүзеге асыру қарастырылған, осы мақсатта “АСТАНА-1” ақпараттық  жүйесі енгізілген болатын. Бұл жүйеде экспортты растау қағаз түрінде емес электронды түрде растау жүзеге асырылады.     Бұл кедендік экспорт рәсімін тездетуге және оңайлатуға оң нәтижесін тигізеді, барлық кедендік рәсімдерге автоматты түрде бақылау процессін жүргізуге мүмкіншілік береді, СЭҚ қатысушылар мен кеден органдарының тікелей байланысуын жою арқылы жемқорлық деңгейін төмендетуге себебін тигізеді» дейді.

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға УЭО мәртебесін алу тәртібі, артықшылығы және міндеттері туралы түсіндірмелер берілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 шілдесіндегі № 441 қаулысын өзгерістер енгізілуіне байланысты шартты түрде шығарылуға рұқсат етілмейтін тауарлар тізімі өзгертілді.

Осыған байланысты шартты түрде шығаруды ұсыну тәртібі, сонымен қатар, шартты түрде шығаруға жатпайтын тауарлар тізімі жайлы сөз қозғалды.

Бұдан басқа, «дөңгелек үстелге» қатысушыларға кеден өкілдерімен және СЭҚ қатысушылармен кедендік қызмет көрсету келісім-шарттарын түзу сұрақтары бойынша түсіндірме берілді.

                                                       

Шымкент қаласы бойынша МКД