Жарияланған күні: 15.10.2018 15:38
Өзгертілген күні: 15.10.2018 15:38

Көлік құралдарының салық төлеушілері болып меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар табылады. 

Көлік құралдары салығынан босатылатын  азаматтар:

- Ұлы Отан соғысының қатысушылары және мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестiрiлетiн адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, Кеңес Одағының батырлары мен Социалистiк Еңбек ерлерi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған, үш дәрежелі Даңқ орденiмен және "Отан" орденiмен наградталған адамдар, "Батыр ана" атағына ие болған немесе "Алтын алқа" не "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар – салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша;

         -  меншiгiнде мотоколяскалары мен автомобильдерi бар мүгедектер –салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша.

  • жеке тұлғаның оларда көрсетілген бір немесе бірнеше санаттарға жататынына-жатпайтынына қарамастан, салықтық кезең ішінде бiр автокөлiк құралы бойынша (қозғалтқышының көлемі 4000 текше сантиметрден асатын, оған қатысты 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін уәкілетті мемлекеттік органда көлік құралының меншік иесінің ауысуына байланысты тіркеу әрекеттері жүргізілген жеңіл автомобильден басқа) қолданылады;

меншік құқығында салықтық кезең ішінде бірнеше автокөлік құралы болған жағдайда, осы ережелер есептелген салық сомасы барынша көп автокөлік құралдарының біреуіне қатысты қолданылады.

 Көлік құралдары салығын өз бетінше Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік Кірістер Комитетінің ресми интернет-ресурсында орналасқан «электронды сервистер» бөліміндегі «калькулятор» арқылы есептеп алуға болады (www.kgd.gov.kz).

 

Жеке тұлғалармен 2018 жылға көлік құралдары салығын төлеу мерзімі ағымдағы жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірілмей жүргізіледі. Салық төлеу тұрғылықты мекен-жайы бойынша жүзеге асырылады.

 

Түсіндіру жұмыс басқармасы,

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті