
Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 11, 12, 14, 18 және 27-тармақшаларына сәйкес жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен алынып тасталатынын хабарлайды:
- республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және мұндай ұтыстарды есепке жазу күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшері шегiнде бір лотерея бойынша ұтыс;
- республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген және мұндай төлем күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 12 еселенген мөлшерiнде бюджет және (немесе) гранттар қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын, қоғамдық жұмыстарды орындауға және кәсiптік оқытуға байланысты төлемдер;
- жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын әрбір тұлғаның жеке қосалқы шаруашылығынан түсетін – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 282 еселенген мөлшері шегіндегі бір жылғы кірісі.
- күнтізбелік жыл iшiнде салық агенті жүргізген әрбiр төлем түрi бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 94 еселенген мөлшері шегiндегі:
- жеке тұлға медициналық көрсетілетін қызметтерді (косметологиялықтан басқа) алғанын және оларға төленген нақты шығыстарын, немесе ауырған жағдайдан ерікті сақтандыру шарты және ауырған жағдайдан ерікті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларының төленгенін растайтын құжат болған кезде жұмыс берушінің ауырған жағдайдан ерікті сақтандыру шарттары бойынша жұмыскердің пайдасына сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге арналған шығыстарын растайтын құжаттарды берген кезде – жеке тұлғаның медициналық көрсетілетін қызметтерге (косметологиялықтан басқа) шығыстарын жабу үшiн;
жұмыскер баланың (балалардың) тууы туралы куәліктің (куәліктердің) көшірмесін берген кезде – баласы туылған кезде жұмыскерге материалдық көмек көрсету түріндегі;
қайтыс болуы туралы анықтама немесе қайтыс болуы туралы куәлік болған кезде – жерлеуге арналған төлемдер.
Кіріске түзету қолдану туралы өтініш негізінде және растайтын құжаттар