Жарияланған күні: 18.06.2020 09:41
Өзгертілген күні: 18.06.2020 09:49

Ағымдағы жылдың 12 маусымында Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Абай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшылық құрамымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау тақырыбы талқыланды.

Кездесу карантиндік режимге байланысты онлайн режимде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агенттігінің  Шымкент қаласы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев және басшы орынбасары Б.Ұзынжастың қатысуымен Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшы орынбасары Е.Тұрысовпен өткізілді.

Бейнебайланыс арқылы кездесу барысында мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау мәселелері,  осы бағытта Департаментте және Абай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында атқарылып жатқан шаралар талқыланып, сыбайлас жемқорлықтың профилактикасына ерекше мән беру қажеттігі атап өтілді.

Кездесу соңында Абай ауданы бойынша МКБ қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бойынша бірқатар тапсырмалар мен нұсқаулар беріліп, ескертулер жасалды.

Шымкент қ. бойынша МКД

Адам ресурстары басқармасының

қызметтік тергеу бөлімі