Жарияланған күні: 26.11.2024 18:01
Өзгертілген күні: 27.11.2024 09:41

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшы орынбасары-Әдеп жөніндегі уәкілі Узбеков Ерлан Маханбетұлының басшылығымен, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңына 09.09.2024ж. енген толықтырулармен өзгертулерді бойынша түсіндіру жыйыны болып өтті.

Жиынға, Департаментінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс және Берешекпен жұмыс басқармалары басшыларымен қызметкерлері қатысты.

Жыйынның негізгі мақсаты мемлекеттік қызметшілер арасында Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігімен Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша лудоманияның, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер арасында өсуіне жол бермеу, алдын алу және болдырмау.

Бұдан бұлай, бәс тігу бойынша ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының 12 бабының 4-тармағының талаптарын сақтамау, жұмыстан шығаруға әкеп соқтыратыны туралы қатысушылардың назарларына жеткізді.

Сонымен қатар, Қызметтік этиканы қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.