Шымкент қаласы бойынша МКД ІҚБ (ОҚО бойынша МКД ІҚБ) әрдайым Департаменттің жеке құрам қатарында сыбайлас жемқорлық көріністерін анықтауға бағытталған жұмыстар жүргізіліп отырады.
Соның айқын мысалы келесілер болып табылады:
- Шымкент қаласы Қаратау ауданы бойынша МКБ салықтарды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы Е.Алтаев өзінің лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалана отырып, өзі акциздік марканың сәйкестігіне салықтық тексеру жүргізіп жатқан Шымкент қаласы, Қапал батыр көшесі бойында орналасқан «Оңтүстік» индустриалық аймақтан 288 дана «TAU EXCLUSIVE» маркалы арақ спирттік өнімдерін жасырын жымқырған.
Бұл факт бойынша ІҚБ-мен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, ол Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотымен қаралып, 24.05.2018ж. үкіммен Е.Алтаев 5 жылға мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 1 жылға бостандығы шектеуге үкім етілген.
- ІҚБ жүргізілген жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижесінде Бәйдібек ауданы бойынша МКБ-ның қызметтік кабинетінде жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәселе бойынша оң шешім қабылдау және әрі қарай қамқоршылық көрсету үшін аз. Қ.Асановтан 50 000 теңге көлемінде пара алу кезінде Бәйдібек ауданы бойынша МКБ ақпараттарды қабылдау және тіркеу бөлімінің басшысы Ғ.Мырзахметов ұсталды.
Бұл қылмыстық істі сотта қарау нәтижесінде Бәйдібек ауданы сотының 11.01.2018ж. үкімімен Ғ.Мырзахметовке мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік кірістер саласында қызметпен айналысуға өмір бойына айыра отырып, 2,5 млн. теңге көлемінде айыппұл салынған.
- Департаменттің ІҚБ жүргізілген жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижесінде «Е.Б.Медеубеков» ЖК-не қатысты жүргізіліп жатқан салықтық тексеру нәтижесінде оң шешім қабылдау үшін Департаменттің Аудит басқармасының бас маманы С.Молдабековке пара ретінде 500 мың теңге беру күдігімен осы жеке кәсіпкерліктің директоры Е.Б.Медеубеков және аз. С.Б.Маткаримов ұсталған.
Бұл қылмыстық істі сотта қарау нәтижесінде Шымкент қаласы Абай аудандық сотының 24.08.2018ж. үкімімен Е.Б.Медеубеков және аз. С.Б.Маткаримовтің әрқайсысына 7 млн. теңге көлемінде айыппұл салынған.
Шымкент қаласы бойынша МКД ІҚБ