Жарияланған күні: 18.04.2022 16:50
Өзгертілген күні: 18.04.2022 16:55

15.04.2022 жылы Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде мемлекеттік кірістер басқармалары, кеден бекеттері, басқарма мен бөлім басшыларының  қатысуымен Департамент бсшысының орынбасары - Әдеп жөніндегі уәкілі Е.Тұрысовтың  төрағалығымен «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы №814 Жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі мен  Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану Қағидаларына енгізілген өзгерістерді талқылау бойынша жиналыс өткізілді.

Жиналысқа шақыртылған ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің бас маманы Қ.Каипназарова Департамент  қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің жаңа редакциясының ерекшеліктері мен мелекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар туралы түсіндіріп өтті.

Сондай-ақ, жиналыс барысында Қ.Қаипназарова Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану Қағидаларына енгізілген өзгерістер туралы айтып, тәртіптік жауапкершілік мәселесін қарау барысында туындайтын мәселелерге тоқталып өтті.

Жиналысқа қатысқан Департаменттің және аумақтық МКБ-ның кадр қызметкерлері уәкілетті орган өкіліне күн тәртібіндегі тақырыптар бойынша түрлі сұрақтар қойып, қызу талқылау жүргізілді.

Сонымен қатар, жиналыс барысында Департаменттің Кадр және ұйымдастыру-қаржы жұмыстары басқармасының басшысы Б.Есқараев жиналысқа қатысып отырған кеден саласының қызметкерлеріне ҚР кеден органдарының ардагерлері мен қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнамалық нормалары  бойынша түсіндіру жүргізді.

Жиналыс қорытындысы бойынша Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі Е.Тұрысов мемлекеттік қызмет атқару – мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатындығын, мұндай сенім білдіру - мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қоятындығын ескерте отырып, барлық қатысушыларды Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін қатаң сақтауға шақырды.