
Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Түсіндіру жұмыс басқармасының басшысы Рахима Алеева жергілікті «ТВК» арнасына Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңнамаға сәйкес міндеттемелер туындаған кезде азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жеке тұлғалармен алынған табыстан міндетті зейнетақы жарналары үшін олармен 200.00 СЕН-да көрсету және бақылау касса машинасын қолдануға қатысты сұхбат берді.
Ол өз сұхбатында төмендегідей түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 1-тармағында, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгiленбесе, агенттер міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есептелген, ұстап қалынған (есебіне жазылған) сомалары жөнiндегі мәліметтерді көрсететін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген мерзімде тоқсан сайын тапсыратындығы белгіленген.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 355-бабының 1-тармағына сәйкес жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияны салық агенті тұрған жердегі салық органдарына есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей:
салық агенттері, оның ішінде тіркелген шегерімді пайдалана отырып арнаулы салық режимін қолданатын салық агенттері;
әлеуметтік төлем агенттері немесе төлеушілер, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз пайдасына тапсырады.
Осылайша, есепті тоқсан үшін кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей тоқсан сайын міндетті зейнетақы жарналарының, есептелген (есебіне жазылған) сомалары жөнiндегі мәліметтерді көрсете отырып, «Салық есептілігі нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 166 бұйрығымен бекітілген жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны (200.00 СЕН) азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыстар алатын жеке тұлғалар өздігінен тапсыруы тиіс.
Аталғандардан басқа атап өтетін тағы бір жаңашылдық келесідей.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрілігі 2016 жылғы 16 тамыздағы № 758 бұйрығына сәйкес, 2018 жылғы 1 қазаннан бастап төмендегідей қызметтерді төлеушілермен ақшалай төлемдерді жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдануы тиіс:
|
Автомобильдерді және жеңіл автокөлік құралдарын сату |
|
Автокөлік құралдарына техникалық қызметтер және жөндеу |
Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды көтерме саудада сату |
|
|
Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды бөлшек саудада сату |
|
Сусындарды көтерме саудада сату |
|
Фармацевтикалық тауарларды көтерме саудада сату |
|
Тоқыма бұйымдарын сату |
|
Қапсырма бұйымдарын, лак-бояу материалдарын және шыныларды сату |
|
Киімдерді сату |
|
Фармацевтикалық тауарларды бөлшек саудада сату |
|
Сағат және зергерлік әшекейлерді сату |
|
Ломбард қызметі |
|
Жылжымайтын мүлікпен жүргізілетін операциялар бойынша агенттіктердің қызметі |
|
Сыйақы үшін немесе келісімшарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқару |
|
Жарнама агенттіктерінің қызметі |
|
Құмар ойындар және бәс тігуді ұйымдастыру қызметі |
|
Уәкілетті ұйымдармен жүзеге асырылатын қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қызметі |
Түсіндіру жұмыс басқармасы
Шымкент қаласы бойынша МКД