Жарияланған күні: 02.10.2020 15:17
Өзгертілген күні: 02.10.2020 15:19

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Шымкент қаласының Республикалық маңызы бар қала мәртебесіне ие болуына байланысты, («Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрлысының кейбір мәселелері туралы» ҚР Президентінің 2018 жылғы 19 маусымындағы №702 Жарлығы) Салық кодексіне де түзетулер енгізіліп, Шымкент қаласының мүлік салығы мөлшерлемесі өзгертілгендігін хабарлайды.

Салық кодексінің 529 бабына сәйкес, 2020 жылдың 1-ші қаңтарынан  бастап, жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеу бойынша (Республикалық қала деңгейіне дейін) Шымкент қаласындағы тұрғын үйлер мен саяжай ғимараттарының 1 шаршы метрінің базалық құны көтерілген.

Жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеу, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шымкент қаласының филиалы уәкілетті органымен салық объектісіне айқындалған құнына байланысты жүргізіледі. Ал, Салық кодексінің 531 бабына сәйкес, қолданатын салық мөлшерлемелері ағымдағы жылға өзгеріссіз қалдырылған.

Салық заңнамасына сәйкес, республикалық маңызы бар қалаларға арналған тұрғын үйлердің базалық құны (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент) бір шаршы метрге - 60,0 мың теңге, ал облыстық маңызы бар қалаларға (мысал ретінде Түркістан) - 36,0 мың теңге.

Шымкент қаласы бойынша тұрғын үйлер мен саяжай ғимараттарының бір шаршы метрінің базалық құны Салық кодексінің 529 бабына сәйкес 60,0 мың теңге сомасымен айқындалған.

Қолданыстағы Заңға 01.01.2020 жылдан енгізілген өзгерістер күшіне енуін ескерсек, мүлік салығының сомасы біршама өседі.