
Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қаланың сауда үйлері мен базарларында патенттен басқа балама режимдерге көшу, қолма-қол ақша қаражатымен жұмыс істейтін тұлғалар үшін онлайн бақылау-кассалық машиналарын қолдану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді және т. б.
Қатысушылардың назарына онлайн БКМ және Мемлекеттік тізілімге енгізілген мобильдік қосымшаларды қолдану қажеттігін жеткізілді.
Кестеге сәйкес түсіндіру жұмыстары
- «Гипер хаус»
- «Ақ дастархан»,
сауда үйлерінде жүргізілді.
Мемлекеттік кірістер органдарының мамандары қатысушыларға 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке кәсіпкерлердің патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану талаптарын өзгерту бөлігінде салық кодексінің нормалары күшіне енетінін түсіндірді, яғни 2020 жылдың 1 қантарынан бастап жеке кәсіпкерлердің патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану бойынша талаптардың өзгеруі бөлігінде Салық кодексінің ережелері күшіне енеді. Салық кодексімен патентті қолдануқұқығы сақталатын шектелген қызмет түрлері (32 қызмет түрі) жүзеге асыру кезінде енгізіледі. Рұқсат етілген тізбеге кірмеген қызмет түрлерін атқаратын салық төлеушілерге көрсетілген салық салу режимдеріне атап айтқанда:
- оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі немесе тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимі;
- жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті ауысу қажеттігін жеткізілді.
«Басқа салық салу режимдеріне ауысу үшін қандай шара қолдану қажет патенттен басқа салық салу режиміне ауысу үшін, патентті қолданатын жеке кәсіпкерлер салық салу режимін таңдауды қазірден бастап ойлау қажет және салық органдарына электронды түрде (салық төлеушінің кабинеті арқылы) немесе қағаз жүзінде қолданатын салық салу режімі туралы хабарламаны тапсыру қажет. Бұл ретте, хабарламаны дұрыс рәсімдеу үшін хабарламада таңдалған салық салу режимін көрсетіп, себебі ретінде - патентті қолдану шарттарына сәйкес келмеу күнін - 2020 жылдың 1 қаңтарын міндетті түрде көрсетуі қажет. Аталған хабарламаны 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тапсырмаған жағдайда, салық органдары осындай салық төлеушілерді тек қана жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауыстыруға міндетті болады, ал осындай тәртіптен басқа шағын бизнес үшін арнаулы салық режимдеріне ауысу тек бір жылдан кейін мүмкін. Кәсіпкерлердің басқа АСР қолдануға ауысу артықшылықтары арнаулы салық режимдерін қолданатын, микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері болып танылатын кәсіпкерлер табысқа салынатын салықтан үш жылға босатылады»- қатысушыларға жеткізілді.
Қорытындысында, МКД мамандары салық төлеушілерді патенттен басқа режимдерге көшуді жыл соңына қалдырмауын сол себептен қазірден хабарлама беруіне, шақырды.
Шымкент қаласы бойынша МКД
түсіндіру жұмыс басқармасы