Жарияланған күні: 26.04.2024 16:46
Өзгертілген күні: 26.04.2024 16:49
Сұрақ. Оңайлатылған декларация бойынша жұмыс істегім келеді. Осы салық режимінің шарттары мен ерекшеліктері қандай? 
Жауап. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін мынадай шарттарға сәйкес келетін салық төлеушілер қолдануға құқылы:
- Бір кезеңдегі қызметкерлердің орташа тізімдік саны-30 адамға дейін;
- Кезең ішіндегі табыс-24 038 АЕК (айлық есептік көрсеткіш)-тен (88,7 млн. теңге) аспайды;
Оңайлатылған декларация негізінде АСР (арнайы салық режимі) қолдану үшін салық кезеңі жартыжылдық болып табылады.
Салықтарды есептеуді салық төлеуші салық салу объектісіне 3 пайыз мөлшеріндегі ставканы қолдану жолымен дербес жүргізеді.
Егер есепті кезеңнің қорытындылары бойынша қызметкерлердің орташа айлық жалақысы дара кәсіпкерлерде кемінде 23 еселенген, заңды тұлғаларда айлық жалақының кемінде 29 еселенген мөлшерін құраса, қызметкерлердің орташа тізімдік санын негізге ала отырып, әрбір қызметкер үшін салық сомасының 1,5 пайызы мөлшерінде сомаға азайту жағына қарай түзетуге жатады. Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салық кезеңінің бірінші күнінде қолданыста болатын есептік көрсеткіш.
Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кіріс органдарына "шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларация" декларациясын 
(СЕН 910.00) есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15 - күнінен кешіктірмей табыс етеді.
- 1 жартыжылдықта 15 тамызға дейінгі мерзімде;
- 2 жартыжылдықта 15 ақпанға дейінгі мерзімде.
Оңайлатылған декларацияда көрсетілген салықтарды бюджетке төлеу есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-күнінен кешіктірілмей жеке (корпоративтік) табыс салығы және әлеуметтік салық түрінде жүргізіледі.
- 1 жартыжылдықта 25 тамызға дейін;
- 2 жартыжылдықта 25 ақпанға дейін.
Жеке (корпоративтік) табыс салығы есептелген салық сомасының 1/2 мөлшерінде, әлеуметтік салық – "міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар сомасын шегергендегі есептелген салық сомасының 1/2 мөлшерінде төленуге тиіс.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар