Жарияланған күні: 10.05.2024 11:44
Өзгертілген күні: 10.05.2024 11:46
1. Сұрақ ?
Жалпыға бірдей декларациялау не үшін қажет?
Жауап:
Біз бәріміз экономикасы дамыған және өркениетті, салық әділ салынатын, сыбайлас жемқорлық пен көленкелі экономикасыз мемлекетте өмір сүргіміз келеді. Бұл мақсаттарға жету үшін тбізге жалпыға бірдей декларациялау қажет. Жалпыға бірдей декларациялаудың негізгі міндеттері:
- Әділ салық салуды қамтамасыз ету және әлеуметтік саясатты жетілдіру;
- Жеке тұлғалардың кірістерін бақылаудың тиімді мезанизмін құру;
- Сыбайлас жемқорлық пен көленкелі экономика деңгейін төмендету.
 
2. Сұрақ ?
Декларацияларды түзетуге бола ма?
Жауап:
Азаматтар кез-келген қателерді немесе толық емес мәліметтерді қосымша декларация беру арқылы дербес жоюға құқылы. Дегенмен, қосымша декларация талап қою мерзімі (3 жыл) ішінде тапсыруы керек.
 
3. Сұрақ ?
Егер мен активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсырған кезде толық емес немесе дұрыс емес мәліметтерді көрсетсем, қандай жауапкершілік қарастырылған?
 
Жауап:
Егер Сіз активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда толық емес, дұрыс емес мәліметтерді ұсынған болсаңыз, бірақ бүл салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелуіне әкеп соқпаса, онда «ескерту» түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайта жол берілген құқық бұзушылық үшін 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салыға әкеп соғады (2024 жылы айлық 11 076 теңге).
 
 4.Сұрақ ?
Егер Сізде дебиторлық немесе кредиторлық берешек болса, келісімшартты нотариалды куәландыру қажетпе?
Жауап:
Иә, міндетті. Егер сізде 2023 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша дебиторлық немесе кредиторлық берешек болса. Декларацияны тапсырар алдында қарыз алу шарттарын нотариустарда растау қажет (Салық кодексінің 631-бабының 2 тармағы сәйкес). Шарттарды куәландыру тәртібі «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы заңының 8-тарауымен реттеледі, нотариаттық іс-өрекеттер жасау мерзімдері 40-шы бапта айқындалады. Бастапқы декларацияны тапсырғанға дейін (2024 жылдың 15 қыркүйегіне дейін) нотариалды куәландыру қажет. Декларацияда банктік қарыз шарттары көрсетілмейді.
Маңызды! Қарыздар мен міндеттемелерді көрсетуге тек бастапқы декларацияда мүмкіндік