Жарияланған күні: 19.04.2021 21:29
Өзгертілген күні: 19.04.2021 21:27

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында 05.04.2020 жылы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі жанынан құрылған Республикалық «Парасат-жолы» жобасының жетекшісі, қоғам қайраткері, жазушы С.Түгел, Агенттік Төрағасының кеңесшісі Ж.Жылқышиева мен қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев  Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Агенттік Төрағасының кеңесшісі Ж.Жылқышиева сыбайлас жемқорлыпен күресу мақсатында атқарылып жатқан шаралар мен өзгерістер туралы баяндама жасады. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар бойынша слайдтар көрсетілді.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарының маңыздылығы мен мұндай іс-шараларға қоғам өкілдерін қатыстыру қажеттігін ескертті.

«Парасат-жолы» жобасының жетекшісі, қоғам қайраткері, жазушы С.Түгел сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында  мемлекеттік қызметшілердің парасаттылық мәдениетін қалыптастырудың негізгі аспектілері мен адамның адалдық қасиеттерінің маңыздылығын түсіндірді.

Агенттік өкілдері Еңбекші ауданы бойынша МКБ ғимаратында орналасқан «Қаржы министрлігі - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысымен танысып, жобалық кеңсенің жұмысын жетілдіру бойынша  ұсыныстар жасады.