
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында кездесу өтті
03.06.2024 жылы Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл Е.Узбеков пен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің ЖТТ-нің жетекшісі СДТБ-ның бөлім басшысы Ж.Қалеш Департаменттің аумақтық Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерімен қатысуымен мемлекеттік кірістер органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуы бойынша кездесу өткізді.
Қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бөлім басшысы Ж.Қалеш сыбайлас жемқорлықтың қоғамға өз зияның тигізетін құбылыс екенін айта отырып, жиналысқа қатысушыларға заң талаптарын қатаң сақтау және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және оның алғы шарттарын жою қажеттігі, бұл бағытта сыбайлас жемқорлық мониторингінің маңыздылығы туралы ескертті.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың профилактикасы шеңберінде атқарылып жатқан шаралар, жемқорлықтың алдын алу маңыздылығы, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілік, жаза түрлері туралы мәселелер талқыланды.
Сондай-ақ, кездесу барысында сыбайлас жемқоролыққа қарсы іс-қимыл қызметінің сыбайлас жемқорлық бойынша қылмыстық іс шеңберіндегі ұсынуы, қылмыстық іс әрекет жасаған қызметкерлердің басшыларының жауапкершілігі талқыланды.
Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл Е.Узбеков жиналысты қорытындылай отырып, Шымкент қаласы бойынша МКД қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау және әдеп кодексі ережелерін сақтау қажеттігін қатаң ескертіп, бұл бағыттарда бақылау жұмыстарын күшейту қажеттігін атап өтті.