Жарияланған күні: 20.03.2020 09:00
Өзгертілген күні: 20.03.2020 09:02

        Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасында төтенше жағдай туралы 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 қаулысын енгізуге байланысты, мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Кодекс) 429-бабына (тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүру) сәйкес кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастыру кезінде кедендік бақылауды жүргізуді қамтамасыз ететін шаралардың қолданылуы алып тасталынды. 

         Кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды кедендік декларациялау кезінде тауарларды шығару Кодекстің 223-бабының                       1-тармағында көзделген шартты сақтау кезінде жүргізіледі.

                                                                                   Шымкент қаласы бойынша

                                                                                   Түсіндіру жұмыс басқармасы