Жарияланған күні: 28.01.2019 16:23
Өзгертілген күні: 28.01.2019 16:23

NAQTY ÓNIM тауарларды таңбалау және олардың бақылануы жүйесі контрафактімен және контрабандымен тиімді күресуге жағдай жасайды, заңды бизнесті, адал өндірушінің брендін және тұтынушыларды қорғайды

    Тауарларды таңбалау және олардың бақылануы жүйесін қолданысқа енгізу арқылы заңды бизнес контрафактіден қорғану мүмкіндігін алады, ал оның нарықтағы абыройлы аты оның брендін жамылып сатылатын сапасыз өніммен байланысты абырой жоғалтымдарынан қорғашталатын болады.

    Цифрлық таңбалау бизнеске өнімділікті жоғарылатуға, логистикалық схемаларды жетілдіруге, нарық үлесін арттыруға және нәтижесінде түсім көлемін ұлғайтуға мүмкіндік жасайды:

    Контрафактілік және контрабандылық өнім үлесін азайту есебінен заңды өнім өндірушілер тауар тобына қарай нарық үлесін және өндіріс көлемін 5-50%-ға ұлғайтады.

Бизнес өз өндірісін Just-in-Time қағидаты бойынша жүргізілетін жұмысқа көшіре алады. Өнімнің қозғалысы туралы деректерді онлайн режимінде ала отырып, өндірісті оңтайлы жоспарлайды, қорларды азайтады және өнім айналымдылығын жоғарылатады

Бизнес логистика ісінде едәуір көлемдегі қаржыны үнемдей алады: Тауардың бақылануының толық жүйесін қолданысқа енгізгенде өнім өндірушінің немесе логистикалық компанияның сатылымдардың географиясы, қарқындылығы, маусымдылығы туралы өзекті статистикалық материалдарды алуы логистикалық схемаларды қайта құруға, тауар жеткізілімін және қойма қорларын оңтайландыруға мүмкіндік береді

Бизнес есеп жүргізуді ретке келтіреді. Қазірде көптеген кәсіпкерлердің қолында қоймадағы және дүкендердегі тауардың қалдығы мен олардың кодтары туралы деректер жоқ. Бұл істі автоматтандыру кәсіпкерлер үшін өз бизнесін жүргізуді жөнге келтіруге көмектеседі

Бизнес NAQTY ÓNIM электрондық құжат айналымы сервистеріне көшеді. ЭҚА сервистері құжат жүзіндегі құжат айналымы көлемін едәуір қысқартады және еңбек өнімділігін жоғарылатады

NAQTY ÓNIM жүйесі қалай жұмыс істейді

Тауарларды бақылау және олардың бақылануының ұлттық жүйесі өндіруші немесе импорттаушы тауар қаптамасында белгілеп көрсетуі үшін әрбір тауарға Data Matrix бірегей кодын белгілейді.

      Цифрлық код – бұл тауардың жоғалтуға немесе қолдан жасауға келмейтін криптографиямен қорғалған паспорты. Ол тауардың толық жүріп өткен жолын әрбір кезеңде – зауыттан тұтынушыға дейін бақылауға мүмкіндік береді. Таңбалау жүйесі қолдан жасалған тауарды шығару мүмкіндігін жоққа шығаратын, тауарды сөреде жайғастырғанда және сату кезіндегі онлайн-кассада тексеруді қоса алғанда, тауардың барлық логистикалық тізбегі бойынша өтуін тіркейді.

Ұлттық жүйе әрбір сатып алушыға дүкен сөресіндегі тауардың шыққан жерін тексеру мүмкіндігін ғана емес, сонымен қатар анықталған бұзушылықтар туралы хабарлауға жағдай жасайды

Data Matrix кодын тауар қаптамасына орналастыру контрафактімен және контрабандымен тиімді күресуге мүмкіндік береді, заңды бизнесті, адал өндірушінің брендін қорғайды, сондай-ақ мемлекетке салық түсімін жоғарылатуға жағдай жасайды

Data Matrix коды екі бөлікке бөлінеді: тауардың жүйедегі және бірыңғай тауар каталогындағы позициясын айқындайтын сәйкестендіру коды; және оператор криптография технологиясын пайдаланып жасайтын тексеру коды немесе крипто-соңы.

      Әрбір кезеңдегі тауар қозғалысын тіркеу есебінен NAQTY ÓNIM жүйесінде тауардың қосарланған даналарының және жарамдылық мерзімі өткендерін қоса алғанда, тауарларды нарыққа қайта шығару мүмкіндігін жоққа шығарады.

Смартфонында NAQTY ÓNIM мобильді қосымшасы орнатылған әрбір адам тауарлардың заңды не заңсыз екендігін тексере алады. Жақын арада ол App Store және Google Play сервистерінде  қолжетімді болады.

     Бұл қосымша өнім өндірушілер тауар қаптамасында белгілеп көрсеткен Data Matrix цифрлық кодты оқиды және тексеріс нәтижелерін бірден шығаратын болады.

     Data Matrix коды – бұл өнімнің электронды паспорты, ол арқылы тауар жайлы барлық дерлік – өндірілген орны, күні мен уақыты, жарамдылық мерзімі, тауардың бір меншік иесінен басқасына өтуі, сату күні және орны туралы мәліметті білуге болады.

     Криптографиялық технологиялардың арқасында цифрлық кодты қолдан жасау немесе түзету қиынға түседі, ал тауар туралы деректерді жүйеден алып тастау мүмкін емес.

     Қазақстан аумағында минут сайын мыңдаған мобильді тексерулер орындалатын болады және қоғамдық бақылаудың арқасында нарық шын мәнінде ашық үрдіске айналады.

                                                                                             

Шымкент қаласы бойынша МКД