
Тауарларға ілеспежүкқұжаты – бұл тауарлар қозғалысына бақылау жасауға арналған құжат, оның ішінде этил спирті және (немесе) алкоголь өнімдеріне ілеспежүкқұжаты, мұнай өнімдеріне ілеспежүкқұжаты, темекі өнімдеріне ілеспежүкқұжаты.
Салық кодексінің 176-бабына сәйкес салық органдары:
1) Қазақстан Республикасының аумағымен тауарларды алып өту, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту кезінде;
2) тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде;
3) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкету кезінде ТІЖ-ды ресімдеу тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
ТІЖ-ды ресімдеу жөніндегі міндеттеме мынадай мерзімдерде:
1) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағымен алып өту, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту кезінде – тауарларды алып өту, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту басталған күннен кешіктірілмей;
2) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына:
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан әкелу кезде – тауарлар еркін айналысқа шығарылған күннен кейінгі күннен кешіктірілмей;
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелу кезде – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннің алдындағы күннен кешіктірілмей;
3) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкету кезінде – тауарларды алып өту, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту басталған күннен кешіктірілмей туындайды.
ТІЖ-ды ресімдеу жөніндегі міндеттеме қолданылатын тауарлардың тізбесін, ресімдеу тәртібі мен ТІЖ нысаны«Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесін, сондай-ақ Ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығымен бекітілген,аталған бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 30 желтоқсанда № 19784 болып тіркелді (бұдан әрі – ТІЖ бойынша Қағидалар).
Шымкент қаласы бойынша МКД
Түсіндіру жұмыс басқармасы