Жарияланған күні: 23.09.2020 08:58
Өзгертілген күні: 23.09.2020 08:59

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік Кірістер Департаменті  Мемлекеттік кірістер Комитеті «Интеграцияланған деректер базасы» ақпараттық жүйесі арқылы 2019 жылғы салық кезеңі үшін жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықтың орталықтандырылған есебін жүргізілгендігін хабарлайды.

Көлік құралдары салығын есептеуді іске асыру мақсатында «ИДБ» АЖ және «Сервис орталығы» АЖ ақпараттық өзара іс – қимыл шеңберінде алынған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің көлік құралдары дерекқорының мәліметтері пайдаланылды.

 Сонымен бірге, салықты дұрыс есептемеуге және оларды жедел түзетуге әкеп соқтырған көлік құралдары туралы дұрыс емес мәліметтер анықталған жағдайларды оны түзету қызметі әзірленді.  Бұл көлік құралының сипаттамаларын өзгертуді қоса алғанда, түзету үшін онлайн режимінде өтініш беруге, көлік құралын иеліктен шығуына байланысты мәліметтер базасынан шығаруға мүмкіндік береді.

 Бұл қызметті «e-Salyq» мобильді қосымшасының «Салық әмияны» арқылы пайдалана аласыз, оны «App Store» мен «Play Market» - тен жүктеуге болады.

 

                                                                  Шымкент қаласы бойынша МКД