
Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Өзбеков Ерлан Маханбетовичтің төрағалығымен уақытша сақтау қоймалары мен кеден қоймаларының қызметін кәсібилендіру мәселесі бойынша семинар өткізілді.
Семинар барысында кедендік әкімшілендіру басқармасымен бірге Шымкент қаласындағы уақытша сақтау және кеден қоймаларына қатысты мәселелер талқыланып, қойма иелеріне тиісті баяндамалар жасалды.
Семинар соңында қоймаларға қатысты кемшіліктер атап өтіліп, оларды жою мақсатында шаралар қабылданатыны және қызмет сапасын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілетіні айтылды.