Жарияланған күні: 24.02.2020 17:39
Өзгертілген күні: 24.02.2020 17:41

Сұрақ: Жалпыға бірдей декларациялауды енгізгенде, жеке тұлғалар қандай декларация тапсырады және қандай мүлік декларациялауға жатады?

Жауабы:

Қолданыстағы Салық кодексінде жеке тұлғалар үшін жалпыға бірдей декларация шеңберінде декларацияның мынадай түрлерін:

- активтер мен міндеттемелер туралы «кіріс» декларацияны, «жыл сайынғы» бір рет және екі түрде тапсырады:

- салық агентінен кіріс алған кезде ғана табыс етілетін кіріс пен мүлік туралы қысқаша декларация;

- активтердің қозғалысы және салық агенттері болып табылмайтын адамдардан кіріс алу кезінде табыс етілетін кіріс пен мүлік туралы егжей-тегжейлі декларация ұсынылатын активтер мен міндеттемелер туралы «кіріс» декларациясын ұсыну бойынша міндеттемелер белгіленген.

Сұрақ: Жеке тұлғалар активтер мен мүлік туралы декларацияны қайда тапсырады? Сервис, портал?

Жауабы:Халықты жалпыға бірдей декларациялауға дайындау шеңберінде Қарағанды облысы Осакаров ауданының 3 ауылдық округінде пилоттық шара өткізілді, оның нәтижелері ауылдық жерлерде халықтың қаржылық сауаттылығының төмендігін көрсетті (респонденттердің 80%-дан астамы декларацияны өз бетінше толтыра алмады).

Сонымен қатар, өткен жылдың наурыз айында аумақтық департаменттердің жұмыс істеп жүрген жұмыскерлері арасында 250.00 нысаны бойынша «кіріс» декларациясын электронды түрде тапсыру пилоты өткізілді, онда 8 мыңға жуық декларация тапсырылды.

Сонымен қатар, бүгінгі күні түсіндіру және тестілеу аясында жеке тұлғалар E-gov порталы арқылы 53 мыңнан астам декларация тапсырды.

 

Сұрақ: Кәмелетке толмаған адам үшін декларация кім береді?

Жауап: кәмелетке толмаған және (немесе) әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі адамның салық міндеттемесін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңды өкілі орындайды.

Декларацияда заңды өкіл ұсынған адамның (кәмелетке толмаған адамның) ЖСН-ін көрсетуге арналған жол көзделген.