Жарияланған күні: 21.12.2018 17:45
Өзгертілген күні: 21.12.2018 17:46

Жеке тұлғаны жеке практикамен айналысатын адам ретiнде тiркеу есебiне қою нотариаттық қызметтi, атқарушылық құжаттарды орындау жөнiндегi қызметтi, адвокаттық қызметтi, дауларды медиация тәртібімен реттеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру басталғанға дейiн "электрондық үкімет"(www.egov.kz) веб-порталы арқылы электрондық нысанда ұсынылған, жеке тұлғаның жеке практикамен айналысатын адамды тiркеу есебiне алу туралы салықтық өтiнiшi негiзiнде жүргiзiледi.

Жеке практикамен айналысатын адамның кірісі,олар;

      1) жекеше нотариустың кірісі;

      2) жеке сот орындаушысының кірісі;

      3) адвокаттың кірісі;

      4) кәсіпқой медиатордың кірісі.

Заңгерлік көмек көрсеткені, нотариаттық әрекеттерді жасағаны үшін тиісінше ақы төлеуді қоса алғанда, атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметті, нотариаттық, адвокаттық қызметті, кәсіпқой медиатор қызметін жүзеге асырудан алған кірістердің барлық түрі, сондай-ақ қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден алынған сомалар жеке практикамен айналысатын адамдардың кірісі болып табылады.

Төлем көзінен салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеуді жеке практикамен айналысатын тұлғалардың  кірістеріне мөлшерлеме бойынша салық кодексінің 320 бабына сәйкес салық салынады.

Жеке практикамен айналысатын адамдардың кірістері бойынша жеке табыс салығының сомасы жеке практикамен айналысатын адамның салық салынатын кіріс сомасына10 пайыз мөлшерлемені қолдану арқылы әр айдың қорытындысы бойынша бір айға алынған кірістер бойынша есептеледі.

Есептелген салық сомасы кірістер бойынша салық есептелген айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірілмей ай сайын төлеуге тиіс.

Сонымен қатар, жеке практикамен айналысатын адамдар әлеуметтiк салықты республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төленетін күнге қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштің 2 еселенген мөлшерінде өзi үшiн және айлық есептiк көрсеткiштің 1 еселенген мөлшерiнде әрбiр жұмыскер үшiн есептейді.

2018 жылдың 1 қаңтарына айлық есептік көрсеткіш мөлшері 2 405 теңгені құрайды, өз үшін, яғни жеке практикамен айналысатын адам 4 810 теңгені, жұмысшысына 2 405 теңгені төлеуге тиісті.

2018 жыл басынан салық заңнамасына еңгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, аталған төлеушілер санаты бойынша ең төмен айналым республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 30 000 мың (72 150 мың теңге) еселенген мөлшерін құраған жағдайда қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұруға міндетті.

2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының және 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 405 «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарының 25 мен 14 баптарына сәйкес  бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшiн алынатын ай сайынғы табыстың 10 пайызды ал  әлеуметтік аударымдарды есептеу объектiсiнің 3,5 пайызды құрайды.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын өз пайдасына мiндеттi зейнетақы жарналары салық кезеңiнiң әрбiр айы үшiн есептелетiн, алған табыстың 10 пайызы мөлшерiнде, бiрақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнiң 10 пайызынан кем емес және ең төмен жалақының 75 еселенген мөлшерiнiң 10 пайызынан аспайтын мөлшерде белгiленедi.

2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚРЗ «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабы 1 тармағына сәйкес жұмыс берушілердің қорға төленуге жататын аударымдары 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап аударымдарды есептеу объектісінің 1,5 пайызын төлеуге міндетті.

 

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті