Жарияланған күні: 06.02.2020 12:13
Өзгертілген күні: 06.02.2020 12:35

Жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларацияны (230.00-нысан) толтыру (түзу) қағидалары Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да  міндетті төлемдер туралы» Кодексіне (Салық кодексіне) сәйкес әзірленген және жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларацияны жасау тәртібін айқындайды.

      Мемлекеттік қызметкер мен осы азаматтардың жұбайы Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті  төлемдер туралы" Кодексін қолданысқа енген ҚР Заңының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI ҚРЗ 33-бабына байланысты,  Салық кодексінің 363 бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарына сәйкес декларация тапсыру міндеті жүктелген жеке тұлғалар кірістері және салық салу объектісі болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, оның шегінен тыс жердегі де мүлкі туралы декларацияны тапсырады.

Декларация декларацияның өзінен (230.00-нысан) және есептелген салық міндетт емесі туралы апаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған 230.01-ден 230.04-ке дейінгі нысанды қосымшалардан тұрады.

- 230.01-қосымша мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидат болып табылатын адамдардың, оның ішінде сайлау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес декларация тапсыру бойынша міндет жүктелген адамдардың және олардың жұбайларының (зайыптарының) меншік құқығындағы, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлердегі, мүлікті декларациялауына арналған.

- 230.02-қосымша мемлекеттік қызметтегі тұлғалардың және олардың жұбайларының (зайыптарының), сондай-ақ өзге санаттағы жеке тұлғалардың, оның ішіндежағымсыз себептер бойынша мемлекеттік қызметтен босатылған адамдардың босатылғаннан кейінгі үш жыл бойы, және олардың жұбайларының, сондай-ақ Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес декларация тапсыру бойынша міндет жүктелген адамдардың есепті салық кезеңінде алған табыстарын және есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша меншік құқығында болған, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлердегі, мүлкін көрсетуге арналған.

- 230.03-қосымша Шетелдегі көздерден алынатын табыстар, төленген шетелдік салық және есепке жатқызылу сомасы, мемлекеттік қызметтегі тұлғалардың және олардың жұбайларының, сондай-ақ өзге санаттағы жеке тұлғалардың, оның ішінде жағымсыз себептер бойынша мемлекеттік қызметтен босатылған адамдардың босатылғаннан кейінгі үш жыл бойы, және олардың жұбайларының, сондай-ақ Қылмыстық-атқару кодексінің 169-бабына сәйкес декларация тапсыру бойынша міндет жүктелген адамдардың есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша есепті салық кезеңінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден алған немесе алынуға жататын табыстарын көрсетуге арналған.

- 230.04-қосымша Бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасына салық салу, БШК қаржылық пайдасының немесе БШК ТМ қаржылық пайдасының, есепке жатқызылуы тиіс БШК қаржылық пайдасынан немесе БШК ТМ қаржылық пайдасынан пайдаға салынатын салықтың, БШК кірісінен төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған, БШК-ның салық салынатын табысынан төленген корпоративтік табыс салығының сомалары туралы ақпаратты көрсетуге арналған.

Салық төлеуші-резидентте Салық кодексінің 296-бабының 2-тармағында айқындалған растайтын құжаттары болған кезде, бұл қосымшада Салық кодексінің 340-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында салық салудан босатылуы тиіс БШК қаржылық пайдасы немесе БШК ТМ қаржылық пайдасы көрсетілмейді.

             Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті тор көздер толтырылмайды.

Декларациядағы тиісті көрсеткіштерді ашуды талап ететін жолдарды толтыру кезінде жоғарыда аталған деклараціяға қосымшалар міндетті толтыруға жатады.

Декларацияны  орналасқан (тұрғылықты) жеріндегi салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей табыс етiледi.

      ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» Заңының 11 бабы 3 тармағына сәйкес Мемлекеттiк қызметтен терiс себептермен босатылған азаматтар (осы азаматтардың жұбайлары) қызметтен шығарылғаннан кейiнгi үш жыл бойы ҚР салық заңнамасында белгiленген тәртiппен жеке табыс салығы және мүлік  туралы  декларациясын  (230.00 -нысан)  тапсыру қажет.

      ҚР Салық кодексінің 208 бабының 3-тармағына сәйкес,  Салық төлеушілер (салық агенттері) салық есептілігін тиісті мемлекеттік кірістер органдарына:

1) өзі келу тәртібімен - қағаз жеткізгіште табыс етуге;

2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы - қағаз жеткізгіште;

3) салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесі арқылы - ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық түрде табыс етуге болады.

      ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 274 бабы 1-2 тармақтарында «Мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның, қызметтен терiс себептер бойынша шығарылған адамдар, сол сияқты аталған адамдардың жұбайының (зайыбының) салық салу объектілері болып жеке табыстары мен мүлікі туралы декларацияларды ҚР заңнамасында белгіленген мерзімдерде қасақана ұсынбауы:

 –  елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ал, аталған бұзушылық әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталап жасалған жағдайда                                                                                                –  екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

      Сонымен қатар, ҚР Ішкі істер министрлігі (28.02.2015ж.№163) мен ҚР Қаржы министрлігінің (02.03.2015ж.№149) «Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдар бойынша өзара ақпарат алмасу бойынша қағиданы бекіту туралы»  бірлескен бұйрығына сәйкес,  жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азаматтаржазасының өтелмей қалған бөлігінің мерзімі біткенге дейін жеке табыс салығы мен мүлкі бойынша декларацияларын тапсыруы қажет екенін ескертемін.

 

Шымкент қаласы бойынша

Мемлекеттік кірістер

департаментінің

бас маманы Н.Бакибаев