
Тақырыбы: «Кәсіпқойлыққа жол»
Қазіргі таңда ел экономикасының дамуы үшін цифрлық технологияның алар орны бөлек. Қай сала болмасын аталмыш технология шешуші роль атқаратыны белгілі. Өркениеттің өріне өрлеген елдердің барлығы да цифрландырудың игілігін ерте бастан-ақ көре бастаған. Жаһанданудың жалына жармасқан еліміз үшін бұл сала өз тиімділігін әлдеқашан-ақ дәлелдеп қойған. Цифрлық стандартқа көшкен сәтте әуелде таң болып көрінгенімен оның тиімділігін уақыт өз дәлелдеді, ал қызмет алушылар тез ақ үйреніп алды. Жалпы елімізде ақпараттық технологияларды мемлекеттік секторға ендіру жұмыстары осыдан аз ғана уақыт бұрын басталған болатын. Соның алғашқы қарлығаштары eGov жүйесі яғни, Қазақстанның электронды үкіметінің пайдасы ұшан теңіз болып отыр.Тиімді жүйенің арқасында жүздеген операцияларды бір тетікпен ақ жүргізуге болады. Еліміздің тұрғындары үйден шықпай-ақ, қажетті құжаттары рәсімдей алады. Коммуналдық қызмет, айыппұл, салық төлемдері, сақтандыру, құжат ауыстыру сынды қызметтері қажетті мекемеде ұзын сонар кезекте тұрмай ақ үйде отырып жасауға қол жеткізді. Аз ғана уақыт аралығында елімізде цифрландыру жүйесі жетілдіріліп, өзге елдерге үлгі болып отыр. Қолданыстағы жүйелерді жетілдіру, өнімділігін одан әрі ұлғайту, «Азаматтарға арналған Үкімет мемлекеттік корпорациясы», Қазынашылық комитетінің тізілімдерін өңдеу уақытын қысқарту мақсатында виртуалды серверлерге көшіру жүргізілді. Бұл өз кезегінде қызметтерді өңдеу уақытын 5-6 сағаттан 1,5 сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Бұдан бөлек, мемлекеттік кірістер саласындағы түрлі қызметтер цифрландырудың арқасында қолжетімді болып отыр. Соңғы әлетте декларация тапсыру қызметі де цифрландырудың арқасында оңтайландырылды. Дәл осы салық түрін тапсыру оңай әрі тиімді болып отыр. Бұл да болса аталмыш саланың жетістігі болса керек.
ESalyq-Azamat "Салық әмияны" мобильді қосымшасының іске қосылуы да қызмет алушылардың жұмысын жеңілдетіп отыр. Жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер түрлі салық түрлерін осы мобильді қосымшаның арқасында санаулы минуттар ішінде төлей алады. Бұрынғыдай бір жапырақ анықтама үшін арнаулы мекемеге барып, сағаттап сарылып кезекте тұрудан құтылды. Мүлік салығы, жер салығы, көлік құралдары