
Мемлекеттік кірістер комитеті «Байланыс-орталығының үздік операторы» санаты бойынша 2024 жылдың 1 жартыжылдығында мемлекеттік кірістер органдарының Байланыс-орталықтарының үздік операторларын анықтады.
I орын - Төлендиева Перизат Сағынқызы, Шымкент қаласы бойынша МКД қызметкері;
II орын - Смайлова Мейрамкүл Маханбетқызы, Шымкент қаласы бойынша МКД қызметкері;
Жұмысты бағалау ұсынылатын кеңестің толықтығы мен дұрыстығы, қабылданған қоңыраулардың саны, оң нәтижелі бағалаудың деңгейі және қоңырау соғушылардың оператордың жұмысын бағалағандардың қамтылуы бойынша жүзеге асырылады.
Акцияның мақсаты-қызметкерлерді ынталандыру арқылы мемлекеттік кірістер органдарының қызмет көрсету сапасын және оң нәтижеде бағалау деңгейін мен қызметтің ашықтығын арттыру.
Айта кету керек, мемлекеттік кірістер комитетінің Байланыс-орталығы 2019 жылдың наурыздан бастап жұмыс істейді, 2020 жылы қызметтерге сұранысқа байланысты Байланыс-орталықтары аумақтық департаменттерде де құрылған.
Байланыс-орталықтарының негізгі міндеттері салық және кеден заңнамасы саласында, мемлекеттік кірістер органдарының қызметтерін көрсетуі бойынша түсініктемелер беру. Кеңестер 1414 нөмірі бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ бірыңғай байланыс орталығының платформасы арқылы қоңырауларды қабылдау арқылы беріледі.
Байланыс-орталықтары құрылғаннан бері 2,4 млн. астам өтініштерге түсініңктемелер берсе, оның ішінде ағымдағы жыл бойынша 245 мыңнан астам өтініш бойынша түсініктемелер берілді.