
2017 жылдың 1 қантарындағы Салық кодексінің 263-бабының 2 тармағына сәйкес 2019 ж. 1 қаңтарынан бастап барлық ҚҚС төлеушілері шот-фактураны электрондық нысанда жазып беруге міндетті.
2018 жылдың 1 қантарындағы Салық кодесінің 412-бабына сәйкес шот-фактура салық төлеушінің тұрған жері бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері шекарасында жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі болмаған жағдайда қағаз жеткізгіште, телекоммуникациялар желісі болған жағдайда электрондық нысанда жазып беріледі. Электрондық шот-фактураны енгізу тауар сатушыларға шот-фактураларды электронды түрде жазып беруге мүмкіндік туғызады, бұл мәліметті өңдеу уақытын үнемдеп және шығындарды (қағаз, принтерді пайдалану, пошталық маркалар, жеткізу) азайтып, кәсіпкерлердің шот-фактура жазудағы жұмыс өнімділігін арттырады.
Электронды түрде жазылып, берілетін шот-фактураларды қабылдау, өңдеу, жіберу және сақтау электрондық ш/фактураның ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Аумағында жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады, электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде уәкілетті орган растаған техникалық қателіктер туындаған жағдайды қоспағанда, шот-фактура электрондық нысанда жазып беріледі.
Техникалық қателіктер жойылғаннан кейін қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактура техникалық қателіктер жойылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде тіркеуге жатады.
Электрондық нысандағы шот-фактура уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және нысан бойынша электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде жазыпберіледі.
Шот-фактурада мыналар:1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің және алушының сәйкестендіру нөмірі; 2) шот-фактураның реттiк нөмiрi; 3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер немесе алушылар болып табылатын дара кәсіпкерлерге қатысты – салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер немесе алушылар болып табылатын заңды тұлғаларға қатысты – атауы. Бұл ретте ұйымдық-құқықтық нысанды көрсету бөлігінде дағдыларға, оның ішінде іскерлік айналымның дағдыларына атауы; сәйкес аббревиатура пайдаланылуы мүмкін. 4) шот-фактура жазып берiлген күн.
5) Салық кодесінің 416-бабында көзделген жағдайларда, өнім берушінің мәртебесі – Комитент немесе комиссионер. 6) акцизделетін тауарларды өткізген жағдайда шот-фактурада акциздің сомасы қосымша көрсетіледі;
7) өткiзiлетiн тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы; 8) салық салынатын (салық салынбайтын) айналымның мөлшерi;
9)қосылған құн салығының мөлшерлемесі; 10) қосылған құн салығының сомасы;
11) қосылған құн салығы ескеріле отырып, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы, 12) тауарларға қатысты – сыртқы экономикалық қызмет тауар номенклатурасының құны; шот-фактураның нысаны көрсетілуге тиіс;
Уәкілетті орган:
электрондық нысанда жазып берілген шот-фактуралардың уақтылы қабылдануы, тіркелуі, өңделуі және берілуі, сондай-ақ олардың сақталуы;
электрондық нысанда жазып берілген шот-фактураларда көрсетілген, берілетін мәліметтердің анықтығы;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, шот-фактураларда көрсетілген мәліметтердің үшінші тұлғаларға жария етілмеуі үшін жауаптылықта болады.
Шот-фактура электрондық нысанда жазып берілген кезде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактура тіркелген күн жазып берілген күн болып табылады;
электрондық нысанда – айналым жасалған күннен ерте емес және өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кейін күнтiзбелiк он бес күннен кешiктiрiлмей жазып берiледi.
ҚҚС төлеушілер шот-фактураны электронды түрде жазып берген жағдайда ҚҚС –ың декларациясының сатушы 300.07 қосымшасын, сатып алушы 300.08 қосымшасын толтырмайды.
Шот-фактураға өзгерістер мен толықтырулар енгізу
Түзетілген шот-фактура бұрын жазып берілген шот-фактураға өзгерістер және толықтырулар енгізу, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушіні және алушыны ауыстыруға әкеп соқпайтын қателерді түзету қажет болған жағдайда жазып беріледі. Түзетілген шот-фактура жазып берілген кезде бұрын жазып берілген шот-фактураның күші жойылады. Түзетілген шот-фактура: 1) шот-фактураларды жазып беруге қойылатын талаптарға сәйкес келуге 2) мынадай ақпаратты шот-фактура түзетілген болып табылатыны туралы белгіні түзетілген шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін; алғашқы шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін; күші жойылатын шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін қамтуға тиіс. Электрондық нысанда жазып берілген түзетілген шот-фактура бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы осындай түзетілген шот-фактураны алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы тәртібіне сәйкес осындай шот-фактураның жазып берілуіне келіспейтінін көрсетуге құқылы.
Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы
Шымкент қаласы бойынша МКД