
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылдың 27 маусымда сөйлеген сөзінде Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және тұтастай экономиканы цифрландыру маңыздылығын атап өтті: «Бүгінде белгілі бір дәрежеде немесе басқа кедергілер болып жатқан барлық процестерді алып тастап, оларды автоматтандырылған ету керек. Азаматтар сапалы мемлекеттік қызметтерді еш қиындықсыз автоматты түрде алуы керек».
Республика бойынша мемлекеттік кірістер органдары көрсететін 45 мемлекеттік қызметтің 34-і автоматтандырылған (75%), олар:
«Жеке практикамен айналысатын адам ретiнде тiркеу есебiне қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
«Салық төлеушілерді тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
«Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
«Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
«Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
«Қазақстан Республикасының резинденттігін растау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
«Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау)» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
«Салық есептілігін қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
«Салық есептілігін керi қайтарып алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
«Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың төленген сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
«Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
«Салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
«Еуразиялық экономикалық одағында тауарларды экспоррттау (импортау) кезінде салық нысандарын қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
«Бюджетпен есеп айырысулар жай-күйі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша жеке шоттынан үзінді көшірме беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарт
«Тауарларды жіктеу жөнінде алдын ала шешімдер қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
«Тауарларды кедендік тазарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінен және (немесе) олардың аумақтық бөлімшелерінен шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
«Есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәлiметтердi беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты т.б.
Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру бірінші кезекте салық төлеушілермен байланысты азайтады, адам факторын болдырмайды және мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдеріне қашықтықтан бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу ол:
- Жұмыс ұақытын тиімді пайдалануға және есептілік нысандарға қаражат жұмсалмайды;
- Электрондық үзінділерді алуға;
- Жедел ақпараттандыруға;
- Салық есептіліктері қабылданғаны туралы мәлімет;
- Тәулік бойы қол жетімділігі;
- Мәліметтерді интернет жүйесінен компьютер, планшет, телефон арқылы алуға мүмкіндікті;
- Кезекті болдырмауға;
- Бекітілген мерзімде алуға әкеледі.
Мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттері Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz. ресми сайтында орналасқан.
Шымкент қаласы бойынша МКД
Түсіндіру жұмыс басқармасы.