Жарияланған күні: 11.11.2019 17:44
Өзгертілген күні: 11.11.2019 18:29

          Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесі, "Cалық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 137-бабының 3-тармағына сәйкес және салық төлеушілердің салық міндеттемелерін өз еркімен орындауға ынталандыру, тәуекел дәрежесі төмен деп айқындалған салық төлеушілерге қатысты салықтық бақылауды барынша азайту мақсаттарында әзірленген.

          Салық төлеуші тәукел басқару жүйесінің нәтижелері бойынша қай тәуекел дәрежесіне жататыны туралы ақпаратқа 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің https://kgd.gov.kz ресми сайтында және "Салық төлеушінің кабинеті" web-қосымшада қол жетімді. Өзіңіздің, сонымен қатар контрагентіңіз тәукел басқару жүйесінің нәтижелері бойынша қай тәуекел дәрежесіне жататынын білу үшін, БСН немесе ЖСН енгізу жеткілікті.

          Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттардың есебі, мемлекеттік кірістер органдарындағы бар деректер бойынша салық төлеушілерді санаттарға бөлу жүргізілетін жартыжылдықтың алдынғы үшінші айының бірінші күніндегі жағдайы бойынша жүзеге асырылады.

             Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2018 жылдың 20 ақпаны №252 Бұйрығымен, салық төлеушілердің тәуекел дәрежесіне оң және теріс ықпал ететін 13 өлшемшарт бекітілген.    

         Нәтижесіне байланысты тәуекел дәрежесіне оң немесе теріс ықпал ететін 2 өлшемшарт:   

  • салық жүктемісі;
  • бір жұмыскердің орташа айлық жалақысы.

Теріс ықпал ететін 6 өлшемшарт:

  • салық есептілікте көрсетілетін шығыстар және кірістер сомасы;
  • қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған, оның ішінде таратылған, әрекетсіз, банкрот болған тұлғалармен өзара есеп айырысуы бар салық төлеушілермен мәмілелер;
  • салықтық есептілікте бірнеше салықтық кезең бойындағы залалдарды көрсетуді;
  • бұрын ұсынылған салықтық есептілікке бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізуді;
  • камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды;
  • арнаулы салық режимдерін қолдану құқығын беретін, Салық кодексте белгіленген көрсеткіштердің шекті мәніне бірнеше рет жақындауды.

      Оң ықпал ететін 5 өлшемшарт:

  • салықтық мониторингке қатысу;
  • салық төлеушінің деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасын қолдануы;
  • салық төлеушінің стандартты тексеру файылын қолданғандағы;
  • шот-фактураны электрондық түрде шығарғандағы;
  • қосымша құн салығы бойынша арнайы шотты пайдалану.

       Тәуекел дәрежесі жоғары салық төлеушілерге аса көңіл бөлінетін болады, сонымен қатар салық міндеттемелерін орындау деңгейі төмендеген жағдайда жедел түрде шара қолданылады.

       Жоғары тәуекел дәрежесінен шығу үшін, салық төлеушіге: салық жүктемесін қайта қарау, еңбек ақыларын салық есептіліктерінде толық көрсету, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасын қолдануы, әр қолма-қол есеп айырысу бойынша чек шығару, хабарламалардың орындалуы барысын күнделікті қадағалау, бұрын ұсынылған салықтық есептілікке бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізуді тоқтату сияқы іс-шаралар жүргізуі керек. 

        Салық төлеушілер 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап «салық төлеушінің бөлмесі» арқылы тәукел басқару жүйесінің нәтижелері бойынша қай тәуекел дәрежесіне жататыны туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар. Алынған ақпарат салық төлеушіге дұрыс басқару шешімін қабылдауға, тәуекел дәрежесін төмендету бағытында жұмыс істеуге көмектеседі.

       Тәуекелдер басқару жүйесі жылына 2 рет, ағымдағы жылдың 1 қаңтары және 1 шілдесіне жаңаланып тұратын болады.

 

Салық төлеушінің тәукел басқару жүйесінің нәтижелері бойынша қай тәуекел дәрежесіне жататыны, неге ықпал ететінін қарастырып көрейік.

Әкімшіліктендіру:

  1. ҚР салық кодексінің 118-бабы «Салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру» - ҚР СК 118-бабының 3-тармағы, тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес мынадай:
  • тәуекел деңгейі жоғары санатқа жатқызылған салық төлеуші (салық агенті) бюджетке салықтық берешекті өтемеген жағдайда – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң;
  • тәуекел деңгейі орташа санатқа жатқызылған салық төлеуші (салық агенті) бюджетке салықтық берешекті өтемеген жағдайда – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң;
  1. ҚР салық кодексінің 119-бабы «Салық төлеушінің (салық агентінің) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру» - ҚР СК 119-бабының 1-тармағы, салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес мынадай:
  • тәуекел деңгейі жоғары санатқа жатқызылған салық төлеуші салықтық берешекті өтемеген жағдайда – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң;
  • тәуекел деңгейі орташа санатқа жатқызылған салық төлеуші салықтық берешекті өтемеген жағдайда – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң жүргізіледі.
  1. ҚР салық кодексінің 122-бабы «Банктік шоттардағы ақша есебінен бюджетке берешекті өндіріп алу» - ҚР СК 122-бабының 1-тармағы, Салық органы салық төлеушiнің (салық агентінің) банктік шоттарынан салықтық берешек сомасын тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес:
  • тәуекел деңгейі жоғары санатқа жатқызылған салық төлеуші (салық агенті) салықтық берешек сомаларын төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң;
  • тәуекел деңгейі орташа санатқа жатқызылған салық төлеуші (салық агенті) салықтық берешек сомаларын төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап жиырма жұмыс күні өткен соң мәжбүрлеу тәртiбiмен өндіріп алады.

 

Салық тексерулерін жүргізу бойынша:

Тәуекелдер басқару жүйесінің нәтижелері бойынша анықталған тәуекел дәрежесі салық тексерулерін жүргізу үшін салық төлеушілерді анықтау барысна ықпал етеді.

  • тәуекел көрсеткіші 51 пайыздан жоғары – тәуекел дәрежесі жоғары салық төлеушілерге жатқызылады;
  • тәуекел көрсеткіші 51 пайыз немесе төмен – тәуекел дәрежесі жоғары салық төлеушілерге жатқызылмайды.  

         Салық тексерулері тәуекел дәрежесі жоғары салық төлеушілерге жүргізіледі, сонымен қатар тәуекел көрсеткіші неғұрлым жоғары болса, салық тексеру жүргізу мүмкіндігі жоғарылайды.

 

          Тәуекел дәрежесі төмен салық төлеушілерге салық есептіліктерінің тапсыру мерзімін ұзартуға мүмкіндік беріледі. Аталған жеңілдік, салық есептіліктерін электронды түрде тапсырғанда ғана қолданылады.

           Есептіліктерді тапсыру мерзімін ұзарту үшін, салық төлеуші «азаматтар үшін үкімет» порталы немесе тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына хабарлама жолдауы қажет.

          ҚР салық кодексінің 212-бабы «Салықтық есептілікті ұсыну мерзімдерін ұзарту» - ҚР СК 212-бабы 3-тармағы, корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының есеп-қисабын қоспағанда, салықтық есептілікті ұсыну мерзімі:

      1) корпоративтік табыс салығы немесе жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын;

      2) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің өзге де түрлері бойынша декларацияны және (немесе) есеп-қисапты ұсыну үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік он бес күннен аспайтын;

     3) тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекелдер деңгейі төмен салық төлеушілер үшін салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің өзге де түрлері бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын кезеңге ұзартылады.

 

      Салықтық есептілікті электрондық нысанда ұсынған кезде, оны ұсыну мерзімін ұзартуға құқылы емес:

  • Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттау кезінде жанама салықтар бойынша;
  • корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының есеп-қисабы.

      Мерзімді ұзарту салықтарды, бюджетке төленетін төлемдер мен әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімін өзгертпейді.

      Арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерді қоспағанда, салықтық есептілікті ұсыну мерзімі тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекел деңгейі жоғары салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты ұзартылмайды.