Date of publication: 27.09.2018 15:24
Date of changing: 27.09.2018 15:29

Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы

 

«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы»  Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес,

  1. ақша;
  2. бағалы қағаздар;
  3. заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі (бұдан әрі – қатысу үлесі);
  4. оған құқық немесе ол бойынша мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа адамға ресімделген жылжымайтын мүлік (ғарыш объектілерінен және магистральдық құбырлардың желілік бөлігінен басқа);
  5. құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар);
  6. Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік жария етуге жатады.

 

Оңтүстік Қазақстан облысының барлық аудандық және қалалық Мемлекеттік кірістер басқармаларында   Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған мүлiктеріңізбен бағалы қағаздарыңызды заңдастыру мақсатында өтініштерді қабылдау үшін жауапты мамандар бекітіліп, комиссиялар құрылды.  Құжаттарды қабылдау мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйегінен бастап 2015 жылдың 30 қарашасына дейін жалғасады.

Аталған Заңның талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлердегі мүлкiн жария ету үшін төмендегідей құжаттардың өткізілуі қажет:

1) Мүлiктi жария етудi өткiзуге арналған өтiнiш (бұдан әрi – өтiнiш);

2) Жеке басты куәландыратын құжаттың көшiрмесі (өтінішті берген кезде түпнұсқасы көрсетіледі);

3) Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлердегі жылжымайтын мүлiк және шетел мемлекетінде тіркелген заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлесі бойынша құжаттар, осындай мүлiкке құқық белгiлейтiн құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi;

4) Эмитенттерi шетел мемлекетінде тіркелген бағалы қағаздар бойынша құжаттар, бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алудың тиiстi жүйесiндегi дербес шоттан үзiндi көшірме не резидентi бағалы қағаздардың эмитентi болып табылатын мемлекеттiң заңнамасында белгіленген осы бағалы қағаздарға меншiк құқығын растайтын өзге де құжат;

5) Мүліктің сатып алу құнын немесе бағалау құнын растайтын құжат;

Шетел валютасында көрсетілген мүлік құны, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына – теңгеде өтініш берілген күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша қайта есептеледі.

6) Мүлікті жария ету үшін алымды төлегенін растайтын құжат (алым 206110 БСК (КБК) бойынша төленеді).

           

            Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан мүліктерді жария ету жұмыстарымен – жергілікті атқарушы органдарда құрылған комиссиялар, ал Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерде орналасқан мүліктер бойынша – Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттің аумақтық басқармаларында құрылған комиссиялар жүргізеді.