Date of publication: 14.11.2018 18:06
Date of changing: 14.11.2018 18:09

2015 жылдың 1 шілдесінен бастап әртүрлі жанар-жағармай (бензин, дизель) және алкоголь өнімдерін  сатушылар деректерді тіркеу беру функциясы бар бақылау-касса машинасын қолдана бастады.

         2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап осы жабдықтарды сұлулық салондары, шаштараздар, қонақ үйлер мен мейрамханалар, ағаш материалдарын, құрылыс материалдары мен санитарлық-техникалық жабдықтар, металл бұйымдары, сантехникалық, су өткізу және жылыту жабдықтарын көтерме саудада сататын жеке кәсіпкерлер орнатуға міндеттелді.

         Сонымен қатар компьютерлер, перифериялық жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету, аудио және бейне техникаларын, тұрмыстық техниканы, жиһазды, жарықтандыру жабдықтарын және басқа да тұрмыстық керек-жарақтарды бөлшек саудада сататын кәсіпкерлер, сондай-ақ, азық-түлік жеткізу және кинокөрсетілім қызметі қолдануы қажет.

         Қазақстан Республикасы Қаржы министрілігі 2016 жылғы 16 тамыздағы № 758 бұйрығына сәйкес, 2018 жылғы 1 қазанан бастап төлеушілермен ақшалай төлемдерге  жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдануы тиіс:

 

Жекелеген қызмет түрлері

Қызмет түрлері

1.

Автомобильдерді және жеңіл автокөлік құралдарын сату

2.

Автокөлік құралдарына техникалық қызметтер және жөндеу

3.

Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды көтерме саудада сату

4.

Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды бөлшек саудада сату

5.

Сусындарды көтерме саудада сату

6.

Фармацевтикалық тауарларды көтерме саудада сату

7.

Тоқыма бұйымдарын сату

8.

Қапсырма бұйымдарын, лак-бояу материалдарын және шыныларды сату

9.

Киімдерді сату

10.

Фармацевтикалық тауарларды бөлшек саудада сату

11.

Сағат және зергерлік әшекейлерді сату

12.

Ломбард қызметі

13.

Жылжымайтын мүлікпен жүргізілетін операциялар бойынша агенттіктердің қызметі

14.

Сыйақы үшін немесе келісімшарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқару

15.

Жарнама агенттіктерінің қызметі

16.

Құмар ойындар және бәс тігуді ұйымдастыру қызметі

17.

Уәкілетті ұйымдармен жүзеге асырылатын қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қызметі

 

 

 

 

         Кәсіпкерлер бақылау касса машинасын пайдаланған кезде төменде аталған жағдайларды  ескеруі  қажет:

         Бақылау касса машинасын есепке алу кассалық аппараттарды пайдалану орнында қолма-қол ақшалай төлемдер бойынша қызметтің басталуына дейін жүзеге асырылады. Сонымен бірге мемлекеттік тізілімге енгізілген техникалық ахауы жоқ бақылау касса машинасы орнатылуға жатады.

         Тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді сатып алушыға төленген сомаға БКМ чегі немесе электр энергиясы болмаған және бақылау касса машиналары бұзылған жағдайда тауар чегі беріледі.

         Тексеру чегін беру, кассалық апараттар немесе электр энергиясының кассалары болмаған кезде сату туралы тубіртек.

Қолма-қол ақшаны есепке алу кітабы толтырылады.

         Ауысымның соңында кассалық модельдерді өндірушінің техникалық талаптарына сәйкес, ауысым туралы есепті  (Z баяндамасы) алу арқылы «ауысымның аяқталуы» процедурасы жүзеге асырылады. Кассалық аппараттарға ауысым мерзімі  жиырма төрт сағаттан аспауы тиіс.