Date of publication: 27.12.2018 14:51
Date of changing: 27.12.2018 14:53

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2019 жылға патент құнының есептілігін 2018 жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей ұсынуды ескертеді. Сауда саласында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер кірісінен 2% патент есептейді, ал сауда саласынан басқа қызметті жүзеге асырушылар кірісінен 1%. Зейнетақы жарнасы - 10%, әлеуметтік төлемдер – 3,5%.

«Патент құнының есептілігі» 911.00 СЕН электронды үлгісі салық төлеушінің кабинеті, СОНО АЖ-де орналасқан.

«Патент құнының есептілігі» 911.00 СЕН-ді тапсыру кезінде барлық бағаналарды толтыру қажет (911.00.008 бағанасынан басқа). Мағынасы болмаған жағдайда, бағаналарда ноль қою қажет.

911.00 салық есептілік нысанын қателіктер хаттамасы бойынша қателіктер жойылғаннан кейін тапсыруға болады.

Бүгінде 2019 жылға есептік көрсеткіштер бекітілген. Атап айтқанда, ең төменгі жалақы мөлшері (ЕТЖ) – 42 500 теңге, айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 2525 теңге.

Салық кодексінің талаптарына сәйкес, патент бойынша табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер  салық төлеушілермен патент құнын есептеуге дейін жүзеге асырылады.

Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданушы жеке кәсіпкерлер салықтық міндеттемелерін мерзімінде орындау мақсатында, «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасында немесе «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы патент құнын есептеуді электронды түрде жүзеге асыра алады.

Сонымен қатар, есептелген салықтар мен әлеуметтік төлемдерді электронды сервистерді пайдала отырып, уақытты үнемдеу мақсатында онлайн төлеуге мүмкіндік бар.