Date of publication: 23.06.2022 15:52
Date of changing: 23.06.2022 15:53

Кеше, 2022 жылдың 21 маусымында, Шығыс-Қазақстан облысының уақытша сақтау қоймасынан құны 42 млн. теңгені құрайтын тәркіленген тауарлар 16 әлеуметтік мекемеге берілді. Әлеуметтік мекемелердің ішінде балалар үйлері мен қарттар үйлері бар.

Осыған дейін, 2021 жылдың сәуір айында "Бақты" кеден бекетінде Шығыс-Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен кедендік құны 42 млн. теңге болатын 982 орны (қорабы) декларацияланбаған халық тұтынатын тауарлар (аяқ киім, киім, ойыншықтар, өнерге арналған ) тәркіленді.

Тауар ЕАЭО арқылы Венгрияға транзитпен өткен. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Семей көлік прокуратурасы қаулы шығарып, оның аясында заттай дәлелдемелер болып табылатын халық тұтынатын тауарлар кері экспорт кедендік рәсіміне орналастыру үшін ШҚО бойынша МКД-ға берілді. 

Алайда тасымалдаушымен де, тауардың иесімен де кері экспорт кедендік рәсімін мәлімдеу үшін шаралар қабылданбаған.

Шаралардың қабылданбауына байланысты тауар ұсталып, уақытша сақтау қоймасына орналастырылды.

Департаментте тұрақты жұмыс істейтін комиссиямен одан әрі пайдалануға жарамды және сатылмаған тауарға қатысты уәкілетті заңды тұлға жергілікті атқарушы орган арқылы балалар үйлеріне, қарттар мен мүгедектер үйлеріне, балабақшаларға, мектептерге, медициналық-әлеуметтік мекемелерге не арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге өтеусіз беру туралы шешім қабылданды.