Date of publication: 27.01.2023 09:48
Date of changing: 27.01.2023 18:07

Шымкент  қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Б.Тұяқовпен  кездесу өтті.

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Тұяқов Бауыржан Орынбайұлы 26.01.2023 жылы Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу профилактикасы және оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді, мемлекеттік қызметшілерге қойылған негізгі талаптар талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша Б.Тұяқов қызметкерлерді қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың және Әдеп кодексінің нормаларын сақтауға шақырды.

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Е.Тұрысов қатысушыларға өз алғысын білдіріп, осындай форматтағы кездесулердің қызметтік әдепті қалыптастырудағы маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, іс-шара жалғасын тауып,  Б.Тұяқов Шымкент қаласының Абай, Еңбекші, Қаратау және Әл-Фараби аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының басшылығы мен қызметкерлерімен кездесті.