Date of publication: 01.02.2023 16:28
Date of changing: 01.02.2023 16:35

Астық пен дәнді дақылдардың жекелеген түрлерін импорттау және экспорттау кезінде ТІЖ-ны ресімдеу

 

2023 жылғы 10 ақпаннан бастап астық пен дәнді дақылдардың жекелеген түрлерін импорттау және экспорттау кезінде ТІЖ-ны ресімдеу міндеттеледі.

Осы мақсатта, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 қарашадағы №1178 бұйрығына (бұдан әрі – бұйрық) қол қойылды.

Басқа тауарлық позициялар бойынша ТІЖ міндетті ресімдеу пилоттық жоба аяқталғаннан кейін 2023 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді, бұл ретте ЕАЭО елдерімен өзара сауда қатынасында экспорттық - импорттық операцияларды жүзеге асыру кезінде ТІЖ – нын міндеті түрде рәсімдеудің мерзімдерін кейінге қалдыру қарастырылмаған.

ТІЖ міндетті ресімдеу күшіне енгеннен кейін, ТІЖ ұсынбағаны және ТІЖ-ға мәліметтердің сәйкес келмегені үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін атап өту қажет.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 283-1-бабына сәйкес ТІЖ ұсынбау не уақтылы ұсынбау, тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатта тауарлар атауының сәйкес келмеуі, олардың санын (көлемін) анық көрсетпегені үшін, кәсіпкерлік субъектілеріне қарай 5 пен 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.