Date of publication: 22.02.2023 13:50
Date of changing: 22.02.2023 15:40

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында кездесу өтті

 

21.02.2023 жылы Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл Е.Тұрысов пен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Ж.Жұмабаев Департаменттің мемлекеттік кірістер басқармалары, басқарма мен бөлім басшыларының  қатысуымен мемлекеттік кірістер органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуы бойынша кездесу өткізді.

Қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Ж.Жұмабаев сыбайлас жемқорлықтың қоғамға өз зияның тигізетін құбылыс екенін айта отырып, жиналысқа қатысушыларға заң талаптарын қатаң сақтау және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және оның алғы шарттарын жою қажеттігі, бұл бағытта сыбайлас жемқорлық мониторингінің маңыздылығы туралы ескертті.

Кездесу барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің Превенция басқармасының қызметкері Ғ.Өсербай салықтөлеушілерден соңғы уақытта мемлекеттік кірістер органдарына қатысты арыз-шағымдарды көбейіп жатқандығын, оның ішінде банктік есеп шоттарды бұғаттауға қатысты өзекті мәселелер бойынша шағымдар қаралғанын атап өтіп, осы бағытта салықтөлеушілердің құқықтарын бұзуға жол бермеу қажеттігіне тоқталды.

Департаменттің қызметтік тергеу бөлімінің басшысы Т.Тленшин сыбайлас жемқоролықтың профилактикасы шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы бяндама жасады.

Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл Е.Тұрысов жиналысты қорытындылай отырып, Шымкент қаласы бойынша МКД қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау және әдеп кодексі ережелерін сақтау қажеттігін қатаң ескертіп, бұл бағыттарда бақылау жұмыстарын  күшейту қажеттігін атап өтті.