Date of publication: 14.03.2023 09:23
Date of changing: 14.03.2023 09:24

Шымкент қаласы салықтөлеушілерінің назарына!

 

Бүгінгі таңда мемлекеттік кірістер органдарының негізгі міндеттерінің бірі -  салықтық түсімдерді арттырып,  бюджетті қамтамасыз ету болып табылады.

Сол себепті, салықтөлеушілердің мәндеттемелерін орындалуын қамтамасыз ету  бағытында Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер органдарымен кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Бұл ретте, уақтылы орындалмаған салықтық міндеттемелер бойынша заң талаптарына сәйкес тиісті қамтамасыз ету тәсілдері қолданылады.

Атап айтқанда, банктік есеп шоттар және касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, мүлікті пайдалануға шектеу қою т.с.с.

Осыған байланысты, соңғы уақыттары салықтөлеушілер тарапынан көбіне банктік есеп шоттарды бұғаттау бойынша  арыз-шағымдар көбеюде.

Бұл мәселе, мемлекет мүддесіне тікелей қатысты болуына байланысты толыққанды қарап, талдауды қажет етеді.

Заң талаптарына сәйкес салықтөлеушілердің банктік есеп шоттарын нагізсіз бұғаттау да, және бұғатталған банк шоттарын негізсіз ашу да елеулі бұзушылық болып саналады.

Сондықтан, құрметті салықтөлеушілер, егер мемлекеттік кірістер органдары тарапынан банк шоттарыңызды негізсіз бұғаттау фактілері орын алса, немесе басқа да заң бұзушылықтар мен дөрекіліктер көрсетілсе, қызметтік этика сақталмаса, сыбайлас жемқорлық белгілеріне жол берілсе Депаратаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі ретінде маған тікелей жүгінуге шақырамын.

Қабылдау Шымкент қ., Б.Момышұлы даңғылы, 27 мекен-жайы бойынша 213-кабинетте, әр сейсенбіде жүзеге асырылады. Байланыс телефондары: 8 (7252) 35-36-23 e.turysov@kgd.gov.kz