Date of publication: 14.03.2024 10:46
Date of changing: 14.03.2024 10:53

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ҚР ТЖМ Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен жалпыға бірдей декларациялау мәселесі бойынша семинар-оқыту өткізді.  Іс-шара барысында қатысушы қызметкерлеріне Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей декларациялау кезеңдері туралы егдей-тегжейлі түсіндірілді, активтер мен кірістер туралы декларацияларды толтыру ережелеріне, ҚР ҚМ е-Salyg Azamat MKK цифрлық қосымшалары арқылы декларацияны  онлайн режимінде ұсыну әдістері туралы назар аударылды.  Семинар-оқыту барысында келіп түскен сұрақтарға жауаптар берілді.