Date of publication: 18.03.2024 10:06
Date of changing: 18.03.2024 10:10
Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ҚР ТЖМ Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментінің қызметкерлерімен жалпыға бірдей декларациялау мәселесі бойынша семинар-оқыту өткізді. Іс-шара барысында қатысушы қызметкерлеріне Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей декларациялау кезеңдері туралы егдей-тегжейлі түсіндірілді, активтер мен кірістер туралы декларацияларды толтыру ережелеріне, ҚР ҚМ е-Salyg Azamat MKK цифрлық қосымшалары арқылы декларацияны онлайн режимінде ұсыну әдістері туралы назар аударылды. Семинар-оқыту барысында келіп түскен сұрақтарға жауаптар берілді.