Date of publication: 18.03.2024 10:17
Date of changing: 18.03.2024 10:20
Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өңделмеген балықтың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан шығаруға тыйым салу бойынша келесіні хабарлайды. 
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті «Өңделмеген балықтың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан шығаруға тыйым салуды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің 2024 жылғы 19 қантардағы № 9 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге өңделмеген балықты: өзге де балғын немесе салқындатылған балықты (көксерке) (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды бойынша (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) 0302891070 кодынан), кларий (африкалық) жайын балығын қоспағанда, балғын немесе салқындатылған жайын балықты (ЕАЭО СЭҚ ТН 0302720000 кодынан), кларий (африкалық) жайын балығын қоспағанда, мұздатылған жайыны (ЕАЭО СЭҚ ТН 0303240000 кодынан), өзге де тұщы су балықтарын, мұздатылған (көксерке) (ЕАЭО СЭҚ ТН 0303891070 кодынан) шығаруға 6 ай мерзімге тыйым салу енгізілгенін хабарлаймыз.
Сонымен қатар, СЭҚ ТН кодынан 0302891070, 0303891070, көкскерке жасалған мұздатылған өніміне (арнайы кесілген ұшасы, бөлігі, қабаты, басы кесілген қабаты, жоны, төсі) сондай-ақ СЭҚ ТН 0302720000, 0303240000 кодынан жайын мұздатылған өніміне (арнайы кесілген ұшасы, бөлігі, қабаты, басы кесілген қабаты, жоны, төсі) бөлінген шектеу шаралары қолданылмайды, өйткені мұздатылған балық өнімдерінің аталған бөлінген түрлері қайта өңдеу өнімдері болып табылады.
Тыйым салу мерзімі – 2024 ж. 3 ақпанынан 3 тамызына дейін.