Date of publication: 16.04.2024 17:15
Date of changing: 16.04.2024 17:19
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 29.03.2024 ж. оқыту семинарын өткізді. Оған судьялар, білім басқармасының, "Атамекен" ҰКП, "Азаматтарға арналған үкімет" қызметкерлері, "Қарызсыз қоғам" жобасының консультанттары, сондай-ақ Шымкент қаласы мен Жамбыл облысының Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері мен салық төлеушілер қатысты.
Іс-шараның мақсаты азаматтардың банкроттығын, оны іске асырудағы проблемаларды және оларды шешу жолдарын, сондай-ақ жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңін енгізу мәселелерін көздейтін заңның негізгі ережелерін түсіндірумен тікелей айналысатын мамандарды оқыту болып табылады.
Жалпыға бірдей декларациялау, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімдерін, сондай - ақ соттан тыс және сот банкроттығы рәсімдерін қолдануды, оларды өткізу тәртібі мен шарттары туралы: Д. К. Кусайынова –жеке тұлғалардың кірістерің әкімшілендіру басқармасының басшысы; М. К. Сисембаева- дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасы басшысының орынбасары; Қасымқұлова Л. Т. – ОӘО басшысының орынбасары, Рахметова А. Б. - дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасы басшысының орынбасары; Хасенова Г.С.- жеке тұлғалардың кірістерің әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы. 
Семинар барысында тыңдаушылардың қойылған сұрақтарына толық жауаптар берілді.
Семинар қорытындысы бойынша тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.