Date of publication: 17.04.2024 15:01
Date of changing: 17.04.2024 15:03
Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі жалпыға бірдей декларациялау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізді
 
Ағымдағы жылдың 2 сәуірінде Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі - басшы орынбасары Өзбеков Ерлан Махамбетұлының қатысуымен Шымкент қаласы Әкімі аппаратының қызметкерлерімен жалпыға бірдей декларациялау мәселелері бойынша кездесу өткізілді.
Жиналыс барысында 270.00 нысанындағы кірістер мен мүлік туралы декларацияны толтыру тәртібіндегі ағымдағы жылы енгізілген өзгерістер бойынша түсіндірмелер беріліп, жаднамалар таратылды.
Сонымен қатар, Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі Е.Өзбеков Шымкент қаласы әкімі аппаратының қызметкерлерінің осы және салықтық әкімшілендіру тақырыбындағы өзге де сұрақтары бойынша толыққанды түсіндірмелер берді.