Date of publication: 21.09.2018 11:42
Date of changing: 21.09.2018 11:46

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақ кеден бекетінде басшының орынбасары Ш.Ақшаевтың төрелігімен АЭА  сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен  дөңгелек  үстел өткізілді.

 Күн тәртібіндегі басты мәселе "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің «Тыйым салулар мен шектеулерді сақтау» туралы  СЭҚ қатысушыларын таныстыру

Кеден бекетінің бас маманы К.Жумадилова қатысушыларды "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 8-бабымен таныстырып өтті.

Тауарлар тыйым салулар мен шектеулер сақтала отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізіледі және (немесе) кедендік рәсімдермен орналастырылады.

Тарифтік емес реттеу шараларын, оның ішінде біржақты тәртіппен енгізілетін тарифтік емес реттеу шараларының және техникалық реттеу шараларының сақталуы – Одақ туралы шартқа сәйкес Комиссия айқындаған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған жағдайларда және тәртіппен, ал экспорттық бақылау шараларының, оның ішінде әскери мақсаттағы өнімге қатысты шаралардың сақталуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған жағдайларда және тәртіппен осындай шаралардың сақталуын растайтын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну арқылы расталады.

Әрі қарай электронды декларациялау кезінде туындаған сұрақтар талқыланды.

                                                     

Шымкент қаласы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті