Date of publication: 21.09.2018 12:48
Date of changing: 21.09.2018 12:50
       
       Ағымдағы жылдың 14-қыркүйек күні Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен  авто жанармай сатумен айналысатын кәсіпкерлердің, «Атамекен» ҰКП Түркістан облысы бойынша филиалы және БАҚ өкілдерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.
 

Басқосуды Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы Жұмағали Лесов кіріспе сөзбен ашып, есепке алатын бақылау аспаптарын орнату бойынша түсіндіру жұмыстары жыл басына бері семинарлар, кездесулер, дөңгелек үстелдер түрінде жүргізіліп жатқандығын атап өтті.

         Қазіргі таңда, Шымкент қаласында 200 авто жанармай құю станциялары (әрі қарай - АЖҚС) тіркелген болса оның, 93 АЖҚС-да есепке алатын бақылау аспаптары (ЕАБА) орнатылған. Олар, «Газпром нефть-Казахстан» ЖШС, «Стандарт Ресурсис» ЖШС, «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС, «TS ОҢТҮСТІК МҰНАЙ САУДА» ЖШС, «Гелиос» ЖШС-нің Шымкент филиалы, «Sinоoil» ЖШС-нің Шымкент филиалы.

         Әрі қарай бұл тақырыпты Департаменттің Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы, Акциздерді әкімшілендіру бөлімінің бас маманы  Айбосын Зеев толығырақ тарқатып өтті.

          Ол: «Жер қойнауын пайдалану бойынша Қазақстан Республикасының бірқатар актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 27.12.2017 жылғы №126-VІ Заңына сәйкес, астананың, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың авто жанармай құю станцияларында есепке алатын бақылау аспаптарын орнату 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін кейінге қалдырылған» деп баяндады.

         Сонымен қатар, баяндамашының сөзінде «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» ҚР 2011 жылғы 20 шілдедегі №463-IV Заңы негізінде, ҚР Қаржы министрінің «Мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, АЖҚС (жылжымалы үлгідегі АЖҚС басқа) ЕАБА-мен жарақтандыру қағидалары мен талаптарын бекіту туралы" 2018 жылғы 15 наурыздағы №362 бұйрығымен және «ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 16 наурыздағы №126 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығымен ЕАБА орнату қағидалары бекітілгендігі айтылды..

 
 
 

Бұл шаралардың барлығы кәсіпкерлікті қолдау үшін, акцизделетін тауарлар саласында бизнестің айқындығын арттырып, мемлекеттік органмен жеке кәсіпкерліктің ара-қатынасын азайту мақсатында жүргізіліп отыр.

         Семинар-кеңес соңында ұйымдастырушылар келген қатысушыларға өз объктілерінде аталған кұрылғыларды мерзімінде орната отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылмауға және заңнама талаптарын сақтауға шақырды.

 

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті