Date of publication: 18.02.2019 17:23
Date of changing: 18.02.2019 17:25

ҚР Қаржы министрлігімен ағымдағы жылдан бастап Blockchain технологиясын қолдану арқылы қосылған құн салығын (ҚҚС) әкімшілендірудің жаңа жүйесі енгізілді.

Жаңашылдықтың мақсаты – салық төлеушілердің қаржылық аударымдарының тізбесін дер кезінде бақылауға мүмкіндік беретін орталықтандырылған мәліметтер базасын құру және қосылған құн салығын кепілдендірілген қайтару.

Blockchain технологолиясын пайдаланудың негізгі принципі ҚҚС қаржылық ағынын бақылау және нақты уақытта салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындаудың мөлдірлілігін қалыптастыру болып табылады. Осыны жүзеге асыруда ҚҚС төлеушілердің ҚҚС бақылау шоты қолданылатын болады. Бақылау шоты – бұл Қазақстан Республикасы аумағындағы екінші деңгейлі банктерден салық төлеушілермен ашылған қосылған құн салығы бойынша төлемдердің қозғалысын есепке алу үшін пайдаланылатын банктік шот.   Оның ішінде:

Импортқа қосылған құн салығы және нерезидент үшін төлеммен қоса алғанда, бюджетке қосылған құн салығын төлеу;

Тауар жеткізушімен қосылған құн салығын төлеу;

Тауар сатып алушымен қосылған құн салығын төлеу;

ҚҚС төлеушісінің басқа банктік шотынан ақша түсімі;

ҚҚС бақылау шотын пайдаланушы экспортерлер үшін ҚҚС қайтару мерзімі 55/155 тен 15 жұмыс күніне қысқартылды және ҚҚС қайтару тәуекелдерді басқару жүйесін қолданбай-ақ жүзеге асырылады.

Blockchain технологиясын қолдану арқылы ҚҚС әкімшілендірудің жаңа жүйесін пайдалану ҚҚС әкімшілендіруді оңтайландыруға мүмкіндік береді және келесілерді қамтамасыз етеді:

  • Артық ҚҚС жылдамдатылған қайтару;
  • Алдын-ала декларациялауды автоматтандырылған қалыптастыру;
  • Салық органдары тарапынан тексерулер санын азайту;
  • ҚҚС түсімін арттыру;
  • ҚҚС әкімшілендірудің мөлдірлілігін арттыру;
  • Сұр схемаларды қолдануға жол бермеу.

ҚҚС қайтару мүмкін болатын тауарлардың қозғалысын тиімді бақылау үшін, бұл тауарлар ЭШФ АЖ «Виртуалды қойма» модулінде тіркелуі қажет. Сондай-ақ, Салық кодексімен алғаш рет ішкі өндірушілер бойынша ҚҚС қайтару қарастырылған.

 

Шымкент қаласы бойынша МКД