Date of publication: 21.02.2019 17:14
Date of changing: 21.02.2019 17:16

Шетелдік тауарлар Қазақстан Республикасының аумағына келу орнынан Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жеткізу орындарына кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес өткізілген жағдайда, бір жөнелтушіден бір алушының атына бірнеше көліктік (тасымалдау) құжаттары бойынша тауарлар өткізілген болса, жөнелтуші кеден органы кедендік транзит кедендік рәсімінің декларантынан барлық тауар партиясына бір транзиттік декларацияны қабылдайды.

         Шетелдік тауарлар Қазақстан Республикасының аумағына келу орнынан Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жеткізу орындарына кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес өткізілген жағдайда, жөнелтуші кеден органы кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырған кезде, халықаралық тасымалдау көлік құралдарымен тасымалданатын шетелдік тауарларға қатысты төмендегіше:

  • тәуекелдерді басқару жүйесінің ұсынымы;
  • халықаралық тасымалдау көлік құралында тасымалданатын тауарға санкциясыз қол жеткізу белгілері;
  • мемлекеттік кірістер органында осы тауарларды Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұза отырып тасымалдау туралы жедел ақпарат болған жағдайларда ғана кедендік тексеріп қарауды жүргізуге жол беріледі.

         Бір елді мекеннің әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде орналасқан ішкі екі кеден органдарының арасында шетелдік тауарларды өткізу кезінде, осындай тауарларды өткізу кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырылмай жүзеге асырылады, егерде осындай қолдану қажеттілігі тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде айқындалған жағдайларды қоспағанда.

 

 

Шымкент қаласы бойынша МКД

Түсіндіру жұмыс басқармасы