Date of publication: 05.04.2019 15:16
Date of changing: 05.04.2019 15:17

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 428-бабының 1-тармағына сәйкес ҚҚС есепке жатқызу әдісімен төлеу  Салық кодексінің 428-бабында анықталған тәртіппен, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын, аталған бабтың 1)-10) тармақшаларында қарастырылған тауарларға ҚҚС төлеушілер төлейді.

Салық кодексінің 428-бабының 1-тармағында көрсетілген тауарлардың тізбесі және оны қалыптастыру тәртібі  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 67 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі - № 67 Бұйрық).

Сонымен қатар, Салық кодексінің 428-бабы 1-тармағының                              3) – тармақшасына сәйкес осы баптың ҚҚС есепке жатқызу әдісімен төлеу бөлігіндегі ережелері ҚҚС төлеуші әкелетін ауыл шаруашылығы техникасын жасауда пайдаланылатын тауарларға қатысты қолданылады.

Қосалқы бөлшектер тізбесі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 22 ақпандағы № 84 бұйрығымен бекітілген (бұдан     әрі - № 84 Бұйрық).

Сондықтан, ауыл шаруашылығы техникасын жасауда пайдаланылатын қосалқы бөлшектерге ҚҚС есепке жатқызу әдісімен төлеу бір мезгілде мына талаптарды сақтағанда падаланылуы мүмкін:

- импортталатын қосалқы бөлшектер № 67 бұйрықпен бекітілген тізбеге қосылуы тиіс;

- импортталатын қосалқы бөлшектер № 84 бұйрықпен бекітілген тізбеге қосылуы тиіс;

- импортталатын қосалқы бөлшектер ауыл шаруашылығы техникасын жасауда пайдаланылуы тиіс.

 

 

                                                                                Шымкент қаласы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті

Экспорттық бақылау басқармасының бас маманы

Алимкулова Айжан А